Әлем

Путин: Адамзат жаһандық өркениет дағдарысына тап болды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин принял участие в заседании клуба "Валдай"
Президент РФ Владимир Путин принял участие в заседании клуба Валдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
"Валдай" пікірталас клубының отырысында сөз сөйлеген Ресей президенті ең алдымен әлемдік деңгейдегі өркениет дағдарысындағы мемлекет стратегиясы туралы сөз қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. РФ президенті Владимир Путин елдің жақын болашақтағы идеологиясы мен стратегиялық бағдарын айқындады. Мұны ұлттық идея деп те атауға болады, деп жазды РИА Новости.

"Валдай" пікірталас клубының отырысында сөз сөйлеген Ресей президенті ең алдымен әлемдік деңгейдегі өркениет дағдарысындағы мемлекет стратегиясы туралы сөз қозғады. Дағдарыс мерзімі белгісіз. Себебі болашақ жиегі де бұлдыр.

Путин мұны пайдалы консерватизм идеологиясы деп атады. Қазір өркениет дағдарысы, жер бетіндегі адам баласының тіршілігін анықтайтын ұстанымдар дағдарысы екенін айтқан Путин, ол жайында қайткенде де толғануға тура келетінін айтты. Алайда қай бағытқа қарай жылжу керек екенін, неден бас тарту қажет екенін және нені қайта қарау керек екенін анықтап алу керек.

Осыған байланысты бәрібір күштердің жаңа теңгерімін іздеу жалғаса береді. Алайда құндылықтар дағдарысы кезінде адамзат үшін нақты не нәрсе құнды екені де белгісіз болып отыр.

Өз сөзінде аудиторияға сан түрлі сауал жолдаан Путин ол сұрақтарға нақты жауапты өзі де ұсынған жоқ. Бірақ ол адамзаттың қазіргі дағдарысының әлемде баламасы жоқ екенін түсінуге шақырды. Ол дағдарыстың саяси құрауышы, яғни жаңа күштер теңгерімін іздеу бейбіт жолмен шешілуі мүмкін екенін айтты.

"Саяси тарихта тұрақты әлемдік құрылыс үлкен соғыссыз және оның нәтижесінсіз қалыптасқаны болған емес. Мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де нақты байқалды. Сондықтан бізде қолайлы үлгі құрудың мүмкіндігі бар", - деді Путин.

Осы орайда Путин "күрделі қайта құру процесінің бастапқы нүктесі" деп атаған ойын негізгі төрт тезиспен баяндады.

Біріншісі. "Коронавирус пандемиясы әлем құрылысының құрылым түзуші бірлігі тек мемлекет екенін дәлелдеді". Яғни, ешқандай ұлт үстінен қарайтын құрылымдар оның орнын алмастыра алмайды. Себебі "егемен елдер ғана сын-тәуекелдерге төтеп бере алады".

Осыған байланысты Путин соңғы уақытта мемлекет рөлін ескірген деп үгіттеп жүргендердің көздегені егемен елдердің шекарасын жою екенін айтты. Сондықтан кез келген халықаралық тәртіп мемлекет мүддесі мен мүмкіндіктерін есепке алып, оны жоюға тырыспауы керек.

Бірінші тезис әлемдегі "ойын ережесін" мемлекеттер анықтайтынын және Ресей де осындай әлем құруға атсалысатынын баяндап тұр.

Екінші тезис. "Өзгерістер ауқымы бізді сақ болуға итермелейді. Бұл жоқ дегенде өзімізді сақтап қалу үшін қажет". Яғни Ресей де уақыт сын-тәуекеліне қарай әрекет етіп, алайда, мұқият және аса сақтықпен өзгереді және реовлюциялық іс-шаралардан бас тартады.

"Технологиялардың дамуы мен қоршаған ортадағы түбегейлі өзгерістер, қалыпты жағдайдың ауысуы қоғам мен мемлекет оған радикалды түрде әрекет етуі керек дегенді білдірмейді. Біз өз тәжірибемізден көріп отырмыз: реовлюция – дағдарыстан шығатын жол емес, керісінше, сол дағдарысты ушықтыратын амал".

Путиннің үшінші тезисі біріншісімен байланысты – Ресей тығыз халықаралық ынтымақтастық болмаса, ортақ көптеген проблеманы шешу мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Алайда бұл мемлекет құқықын үстем құрылымдарға табыстауды қарастырмайды. Яғни, Ресей үшін де, басқа мемлекеттер үшін де егемендік бәрінен жоғары.

"Реалист болу керек: ХХ ғасырдың соңында жаһандық проблемаларды шешуге қатысты өзіміз естіген ұрандардың басым бөлігі жүзеге аспайды. Жаһандық шешімдер тәуелсіз мемлекеттер мен халықтардың құқықтарын ұлтүстем құрылымдарға тапсыруды көздейді. Ал мұндай қадамға екінің бірі дайын емес", - деді Путин.

РФ президентінің төртінші тезисі құндылықтарға қатысты.

"Қазіргі солқылдақ әлемде берік тіректің, моральдік, этикалық, құндылықтарға бағытталған тіректің маңыздылығы артып жатыр. Жалпы, құндылықтар дегеніміз – бұл әрбір ұлттың мәдени-тарихи дамуының өнімі және ол ерекше өнім", - деді Владимир Путин.

Яғни мемлекет жаһандық дағдарыс пен сын-тәуекелген жауап бере отырып адамзат тіршілігін абайлап реформалайтын негіз оның халқының. Оны өркениетінің құндылығы болады. Идеологиялық, құндылықтар бойынша өктемдік көрсетуге жол жоқ.

Сонымен қатар РФ президенті консерватизм жайына да тоқталды.

"Консервативті әдіс – бұл өзгерістерден қорқу немесе өз шегінде тұйықталу емес. Бұл ең алдымен уақытпен сыналған дәстүрді тірек ету, халықты сақтау және көбейту, өзі мен өзгелерді бағалаудағы шынайылық, басымдықтар жүйесін дәл реттеу, қажетті мен ықтимал дүниелерді үйлестіру, экстремизмді іс-әрекеттер әдісі ретінде қабылдамау", - деді Путин.

"Валдай" халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы отырысы Сочиде 18-21 қазан аралығында өтеді.

Жаңалықтар
0