Әлем

Қымбатшылық қысып тұр: Еуропа елдерінің жағдайы не болып жатыр

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтутиындар
тиындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Еуропаның энергетика саласындағы жоспарлары жүзеге аспайтын сияқты. Бір жылдың ішінде газды сатып алу бағасы он есеге өсті. Соның салдарынан электр энергиясы, отын, тасымал, азық-түлік және тағы басқа тауарлар қымбаттап кетті

НҰР -СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазіргі болжамға сәйкес, келесі жылы Ұлыбританияда тұратын бір үйдің адамдары электр энергиясы үшін 1 500 фунт (878 мың теңге) төлейді. Бұрын одан әлдеқайда төмен болған. Бірақ ТМД елдерімен салыстырғанда алты есеге қымбат. Соның өзінде екі миллион отбасы коммуналдық қызметтерді төлей алмаған. Алдағы уақытта жағдай ушыға түсуі әбден мүмкін, деп жазды РИА Новости.

Ашығын айту керек, күн панельдері мен жел электр станциялары сияқты баламалы энергия көздері Еуропаға көмектесе алмайды. Биыл ондай энергияның көлемі азайды. Ал қаңтар айында Еуроодақ блэкаутқа тап бола жаздады.

Газопровод Северный поток – 2 полностью готов - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2021
Видео
"Солтүстік ағын - 2" дайын: Еуропаға газ жылдың соңына дейін тасымалдана бастайды

Жазда желсіз күндер көп болды. Бұлттар да ұзақ уақыт тарамай тұрған. Алдағы қыс қатты болады деген болжам бар. Бұның барлығы электр энергиясының бағасына әсер етті. Соның салдарынан тыңайтқыш шығаратын зауыттар жабыла бастады. Тасымалдың құны күрт өсті. Фермерлер де өз өнімдерін қымбатқа сатуға кірісті. Жұмыссыз қалғандар аз емес. Ал супермаркеттерде баға шарықтап барады.

Әлбетте, осындайда барынша таза әрі қуатты энергия көздерін іздеген жөн. Мәселен атом электр станциясын салуға болады. Алайда Еуропа экологияны қорғау ұрандарынан аттап, жаппай көмірге көше бастады. Халықтың жағдайы онсыз да мәз емес. Енді лас ауаны жұтуға тура келеді.

Былтыр Ұлыбританияда балалы отбасылардың 14 процентінде тамақ сатып алуға да ақша болмады. Биыл жазда бұл көрсеткіш 24 процентке өсті. Ел үкіметі кедей отбасыларға барынша қолдау жасауға тырысты. Демалыс уақытта мектептерде балаларға тегін тамақ таратқан. Ал кейбір жерлерде тамақты орап берген. Сол кезде ата-аналар түйіншектерді ашып, тегін тамақты фотоға да түсірді. Ішінде макарон, үрмебұршақтың екі банкасы, бірнеше тілім ірімшік, қартоп, екі сәбіз бен үш алма болды. Бұның бәрі бір аптаға берілді.

газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Экономика
ЕАЭО ортақ газ нарығы жөніндегі келісімшартқа келесі жылы қол қою мүмкін

Бұдан бөлек, кедей отбасыларға талон да таратылды. Бір талон – үш фунт стерлинг (1700 теңге). Оған бір аптаға жететін тамақ алу қажет. Қазір талонның мөлшері 4,25 фунтқа дейін өсті. Дүкенде осы ақшаға тек сүт, көкөніс, бұршақ дақылдары, жарма және балалар тамағын ғана алуға рұқсат бар. Ет, балық, тәттілер де алуға болмайды.

Сарапшылардың айтуынша, осы санаттағы адамдардың жағдайы нашарлай түседі. Себебі бағалар шарықтап барады. Алдағы уақытта оларға "eating and heating", яғни, тамақ пен жылудың арасында таңдау жасауға тура келеді.

Негізі Ұлыбританияда жыл сайын мыңдаған зейнеткер қайтыс болып жатады. Олардың көбісі жылуды үнемдейміз деп, түнде батареяны өшіріп тастайды. Содан таң атқанша қатып, өліп қалады. Мәселен, 2014 жылда 40 мың адам қайтыс болды. Алдағы қыста ондай оқиғалар көп болады деген болжам бар.

Испанияда қыста жылы, бірақ ол жақта тамақ жағы қиын. Осы жылдың басында Мадридтің өзінде 186 мың адам тегін азық-түлік жиынтығын алып тұрған. Бұл – 25 жылда болған ең жоғары көрсеткіш. Тамаққа зәру адамдардың басым бөлігі – зейнеткерлер. "Крестная мать" қайырымдылық ұйымның есебіне сәйкес, бір жылдың ішінде осы санаттағы қариялардың саны 63 процентке өскен.

Мадридтегі храмның басшысы Сан Хуан де Диос та тегін тамақ таратады. Оның айтуынша, кейбір қариялар қаланың арғы жағынан жаяу келеді. Ал үйге жеткенше тағы екі сағат кетеді. Сонда оларда автобусқа мінетін ақша да жоқ. Осы адамдардың бәрі қаңғыбас пен нашақор емес. Барлығы - жұмыссыз қалған немесе қымбатшылықтың құрбаны болған азаматтар.

Ростислав Ищенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2020
Әлем
Жаһандық дағдарыстан кейін адамзатты қандай жағдай күтуі мүмкін

Электр энергиясы саласындағы қымбатшылықтың тағы бір ауыр зардабы бар. Әлемдік нарықта еуропалық тауарлар да қымбаттайды. Демек, бәсекеге қабілеттігі төмендейді.

Қазіргі кезде Еуропаның саясаткерлері бәріне "Газпромды" кінәлай отыр. Ұлыбритания парламентінің депуттары ашық хат жазса, Еуропа парламенті монополияға қарсы тергеуді өткізуге үндеді. Бірақ кезінде өздері "Газпромды" қысқа мерзімді келісімшарттармен жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Ал ресейлік компания ұзақ мерзімді келісімшарттар мен тұрақты бағаларды белгілеуді ұсынған. Алайда ол кезде еуропалықтарға құбылмалы бағалар да тиімді еді. Енді өздері опық жеп отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0