Әлем

Әлем елдерінің қоймасындағы "артық" мұнай азайып жатыр

© AP Photo / Hasan JamaliНефтяные вышки в Персидском заливе в Бахрейне
Нефтяные вышки в Персидском заливе в Бахрейне - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Бірқатар елде коронавирус таралуының ушығуына қарамастан, мұнай сұранысы бойынша болжам айтарлықтай жақсарды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қаңтардан бастап мұнай 30 процентке қымбаттап, баға дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті. Экономика қалпына келіп жатыр, шектеулер алынып тасталуда, әлемде жаппай вакциналау басталды. Энергия тасымалдағыштарға деген сұраныс өсіп, бұл бағаның өсуіне әсер етіп отыр.

Жыл соңына дейін Brent мұнайының баррелі кем дегенде тағы он процентке қымбаттауы мүмкін. Егер пандемия шарықтап тұрған кезде трейдерлерді қоймалардың толып кетуі мазаласа, қазір жағдай мүлдем басқаша, деп жазады РИА Новости.

Добыча нефти, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Әлем
Қытай ғалымы мұнай қанша жылдан кейін таусылатынын болжады
2020 жылы мұнай саласы бірнеше құлдырауды бастан өткізді. Оған бірқатар фактор әсер етті. Соның ішінде ең бастысы – сұраныстың аз кезінде өндіріс көлемінің шамадан тыс көп болуы, пандемия және локдаун. Өткен жылдың наурызында мұнай екі есеге арзандап, бір баррель құны 30 долларға дейінгі бағада сатылды.

Алайда күз соңына қарай батыс вакциналарының сәтті сынағы мен Джо Байденнің АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетуі нарықтың қайта бас көтеруіне ықпал етті. Қаңтарға қарай баға көрсеткіші сегіз айдың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. ОПЕК+ ұйымының өсімге өндірісті шектеу жөніндегі кезекті шешімі әсер етті. Ақпанда Brent мұнайының бір баррелі дағдарысқа дейінгі 65 доллар бағасына жетті.

Наурызда мұнай тоғыз процентке, 61 долларға дейін арзандады. Себебі Еуропада коронавирустың үшінші толқынын жариялады. Бірақ бұл жалпы ахуалға әсер ете қойған жоқ. Еуропадағы шектеулерді еңсеріп, баға көрсеткіші қайта шарықтап жатыр.

Қарқынды жүріп жатқан вакциналау нәтижелі болып отыр. Бірқатар елде коронавирус таралуының ушығуына қарамастан, мұнай сұранысы бойынша болжам айтарлықтай жақсарды. Әлем экономикасы қалпына келіп жатыр.

Наурыз соңында Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) осы жылы сұраныс тәулігіне 96,5 миллион баррельге дейін артып, пандемияға байланысты өткен жылғы шығындардың орнын толтыру 60%-ті құрайтыны туралы болжаммен бөлісті.

АҚШ-тағы өндіріс күрт азайған соң және ОПЕК+ келісімі аясында Сауд Арабиясындағы қосымша ерікті шектеулерден кейін жаһандық жеткізулер күніне екі миллион баррельге дейін қысқарды. Картель сәуірде өндірісті 7,9, мамырда – 7,3, маусымда – 6,6, шілдеде – 5,76 миллион баррельге қысқартады. Мұның барлығы шикізат бағасының артуына әкеліп соғуда.

Тағы бір фактор: пандемия кезінде жиналған мұнай қоры таусылғаны белгілі болды. Дамыған елдердің мұнай қоймаларында пандемия кезінде артық болып саналған мұнайдың тек 20%-і қалды. Егер өткен жылдың шілдесінде қоймада 249 миллион баррель мұнай болса, ХЭА бағалауы бойынша қазір бұл көрсеткіш 57-ні құрап отыр.

Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Экономика
Биыл Қазақстан 86 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр
Бұл да ОПЕК+ қатысушыларының өндіруді қысқартуының нәтижесі болып отыр. ХЭА көрсеткендей, пандемия кезіндегі артық көлемнің қалдығы бүтіндей дерлік Қытайда шоғырланған. Ал Америкадағы қоймаларда дағдарысқа дейінгі 1,28 миллиард деңгейіндегі көлем сақталып тұр. Танкерлердегі резервтік шикізат та азайып жатыр. IHS Markit аналитиктерінің бағалауы бойынша, соңғы екі аптада бұл көрсеткіш 27%-ке, 50,7 миллион баррельге дейін төмендеді.

Ақпанда JP Morgan аналитиктері мұнай бағасының шарықтауын болжаған болатын. Тауар-шикізат нарығындағы жүз жылда жалпы төрт осындай шарықтау кезең болды. Соңғысы 1996 жылы басталып, 12 жыл бойы тұрақтылықтан кейін 2008 жылы бағаның шарықтау шегіне жетті. Оған әлемдегі көмірсутектің негізгі тұтынушысы – Қытайдың экономикалық дамуы әсер етті. Ал қазіргі шарықтау пандемиядан кейінгі қалпына келу процесіне, ақшалай-кредиттік ахуалға, бюджет саясатына, әлсіз долларға, инфляцияның үдеуіне және экологиялық шараларға байланысты.

Әйтсе де жалпы ахуал 2000 жылдардағыға ұқсайды: шикізат нарығындағы баға көрсеткіші көпжылдық максимумге жетті. Мысалы, Қытай жүгері мен сояны көптеп сатып алған соң, АҚШ-та дәл осы ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы аспандап кетті. Ал жаһандық қордың азаюы тапшылық қаупін тудырып отыр.

Мұнайға қатысты айтсақ, ол "пандемия салдарынан болған тығырықтан сәтті шығып келеді. Себебі ұсыныстың жаһандық көптігі қысқарып келеді", деп жазды JP Morgan. Сондай-ақ тауар нарығындағы бағаның көтерілуін Goldman Sachs Group, Bank of America, Ospraie Management те күтіп отыр.

Жалпы Goldman Sachs төртінші тоқсанда Brent 65 доллардан сатылады деген болжам айтты. Алайда қазірдің өзінде баға 67 доллар шегінде тұр. Сондықтан келешекке оптимистік көзқараспен қарауға себеп жетерлік. Citigroup мәліметі бойынша, сұраныстың одан әрі артуына қарай шикізаттың әлемдегі қоры тәулігіне 2,2 миллион баррельге азаятын болады. Нәтжесінде осы жылы Brent 74 доллардан жоғары бағаға сатылады.

Жаңалықтар
0