Экономика

Биыл Қазақстан 86 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр

© AP Photo / Tony GutierrezДобыча нефти
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 миллион тоннаны құрады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 миллион тоннаға жетуі мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2021 жылдың қаңтар айында қолданылған шектеулерді (ОПЕК+) ескере отырып, ең пессимистік сценарий бойынша биылға арналған болжамды өндіру көлемі 83,4 миллион тонна болып белгіленді. Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалып отыр. Осыған байланысты 86 миллион тонна көлеміндегі жоспар орындалады деп күтілуде", - деді Ноғаев энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 миллион тоннаны құрады.

Мұнай экспорты 68,5 миллион тонна болса, 2021 жылға арналған жоспар –  67,5 миллион тонна.

Мұнай өңдеу көлемі – 15,8 миллион тонна, 2021 жылға арналған мұнай өңдеу жоспары – 17 миллион тонна.

Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,5 миллион тоннаны құраса, биылға арналған жоспар – 12,4 миллион тонна.

Ол былтыр мұнай өндіру саласы COVID-19 пандемиясынан көп зардап шеккенін атап өтті. Бұл мұнай бағасына да әсер етіп, ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін шектеуге, уран өндірісін төмендетуге және тағы басқа салдарға әкеп соқты.

Оқи отырыңыз: Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті 

Өткен жылы мамырда үкімет "Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы қаулы жобасын қабылдады. Осыған ұқсас 2021 жылға арналған қаулыны үкімет 2020 жылы 29 желтоқсанда бекітті. 

Мұнай өндірісін шектеу шаралары ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстанның міндеттемелеріне және мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты қабылданды.

Жаңалықтар
0