"Альтиус" аппаратының сынағы аяқталды - ұшақтың мүмкіндігі қандай

© Photo : Министерство обороны РФПервый полет беспилотника "Альтиус-У"
Первый полет беспилотника Альтиус-У - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
"Альтиустың" қолдану радиусы оны орташа қашықтыққа ұшатын зымыран ретінде қарастыруға мүмкіндік береді
"Альтиус" пилотсыз ұшағын сынау жұмыстарының аяқталуы Ресейдің "алысқа ататын" ауыр дрондар шығаратын елдердің қатарына кіргенін білдіреді. 
21 желтоқсанда Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу "Альтиус-РУ" аппаратының ұзақ қашықтыққа ұшуға бағытталған сынағы аяқталды"деп мәлімдеме жасады. Бұл Ресей үшін аса маңызды оқиға. Себебі бұған дейін "соққы жасаушы ауыр дрондар клубында" тек АҚШ (MQ-9 Reaper), Израиль (IAI Eitan) және Түркия (Bayraktar Akinci) ғана болды. Көпбағытты операция кезінде мұндай машиналар пилот басқаратын авиациямен, жердегі және ғарыштағы бағдарлау құралдарымен интеграцияда соғыс әрекеттерінің барысы мен аяқталуын анықтай алады.
Дрон-такис Volocopter 2X в аэропорту Gimpo, Сеул, Южная Корея - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2021
Фото
Дрон-такси мегаполистегі кептелісті қалай айналып өтеді – фото
"Альтиус-РУ" пилотсыз аппаратының сипаттамасы да айрықша. Бастысы – шешім қабылдауға, бағдарды анықтауға, нысананы сәйкестендіруге және оларға соққы жасауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект. 
5 000 километрге дейінгі соққы жасау радиусы қарсыластың стратегиялық тылында 1 000 килограмм пайдалы жүкті алып жүре алады. "Альтиус" үшін зымыран-бомба қаруының арнайы топтамасы әзірленді, оның крейсерлік жылдамдығы 250 км/сағ құраса, радиолокация құралдарының көзіне түсу мүмкіндігін бәсеңдететін және кедергілерге жоғары төзімділікті қамтамасыз ететін СП-2 инерциялық навигациялық жүйесі бар.
Егер ұзақ уақыт (48 сағатқа дейін) бойы ұшу кезінде операциялық ахуал мен әлеуетті нысаналар өзгерсе, дронды базадан мыңдаған километр қашықтықта спутник байланысы арқылы басқаруға болады.
Биіктігі орташа (14 000 метр) ауыр (салмағы – 6 тонна, қанаттарының ұзындығы – 28,5 метр, ұзындығы – 11,6 метр) дрон танктерді, артиллериялық қондырғыларды, жеңіл броньдалған техниканы, қарсыластың күзетілетін нысандарын және адам күшін жоюға арналған. Көпфункционалды дронның бортында кемеге қарсы зымырандардың пайда болуы ықтимал еді. Қолдану радиусы "Альтиусты" орташа қашықтыққа ұшатын зымырандардың аналогы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Ол кез келген агрессорға гипердыбысты қарсылық көрсетудің ең тиімді платформасына айналады.
Испытание гиперзвуковой ракеты Циркон - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
АҚШ-тың жоғары технологиялық қару-жарақ өндірісі қазір қандай күйде
Өткен жазда ресейлік дрон "әуе-жер беті" тобындағы зымырандарымен басқарылатын және авиабомбалармен реттелетін полигондарда нысандарға авиасоққы жасауды сәтті орындады.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 2021 жылдың басында-ақ "Алтиустың" алғашқы қондырғы партиясына тапсырыс берді. Бұл машинаның жоғары сенімділігі мен тиімділігін көрсетіп тұр.
Әлемде ресейлік "Альтиуспен" салыстыруға болатын үш дрон ғана бар: америкалық MQ-9 Reaper (пайдалы жүк 1 700 килограмм), түріктердің Bayraktar Akinci (жүктеме – 1 350 килограмм), израильдік IAI Eitan (жүктеме – 1 000 килограмм). Бұлардың барлығының қанаттарының ұзындығы 20 метрден асады, жылдамдығы – 240-400 км/сағ аралығында, үздіксіз ұшу уақыты (қосымша жанармай құюсыз) – 24-тен 30 сағатқа дейін. Машиналар автоматты ұшу режиміне қосылған, бірақ түрік дроны көп жағдайда операторға бағынышты.
Ресейлік "Альтиус" шетелдік аналогтардан, ең алдымен, іс-әрекеттердің дербестігі (жасанды интеллект), соғыс интеграциясының әлеуеті, жоғары қару-жарақ кешені және радиолокациялық құралдардың нысанасына түсу мүмкіндігінің төмендігі бойынша басым түседі.
Ресей қорғаныс саласындағы жоғары технологиялық жарыста сенімді түрде ала жылжып келеді: пилотсыз ұшақтарды әлемнің 50-ден астам елі шығарады. Дегенмен, шетелдік серіктестерге сату көлемінің өсуі емес, қорғаныс қабілеті басымдыққа ие.
Түркия мен Қазақстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Білім
Түркия мен Қазақстанның әскери оқу орындары келісім жасады
РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу "Альтиус" жетістігімен қатар әскерге "Иноходец" пен "Форпост" пилотсыз ұшақтарының жеткізілгенін атап өтті. "Иноходец" кеңінен танымал "Орион" барлау-соққы жасау дронының модификациясы саналады. Ал екінші аталған дрон – екі жыл бойы тексеруден сәтті өткен тиімді барлаушы.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, "Форпост" әскерде өзін жақсы қырынан көрсетті. Сириядағы соғыста сынақтан өтіп, ол аумақта жасырын бақылау жүргізу және террористерге жасалатын соққыны қадағалау үшін қолданылды.
Батыстың санкция саясатына байланысты "Форпост-Р" толығымен ресейлік жабдықтан құрастырылған. Салмағы шамамен 800 килограмм болатын аппараттың ұшу биіктігі 6 километр, соғысу радиусы – 200 километр. Ол 18 сағат бойы ұша алады.
Қазір ресейлік пилотсыз авиацияда С-70 "Охотник" ауыр салмақтағы барлау-соққы жасаушы дроны интеллектуалды соғыс әрекеттеріне дайындалып жатыр. Сонымен қатар 7 тонналы "Гром" соққы жасаушы пилотсыз аппараттың жобасы да пысықталуда.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0