Білім

Түркия мен Қазақстанның әскери оқу орындары келісім жасады

© Sputnik / Владислав ВодневТүркия мен Қазақстан туы
Түркия мен Қазақстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Әскери жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Тұңғыш президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Түркияның Ұлттық қорғаныс университетінде болды.

Қазақстандық делегация Түркия Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасымен танысты. Тараптар екі мемлекеттің әскери оқу орындарының өзара іс-қимылын нығайту мәселелерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша жоғарыда аталған әскери жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Қос мемлекет әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытып жатқанын атап өту керек.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0