https://sputnik.kz/20211218/ASh-ty-zhoary-tekhnologiyaly-aru-zhara-ndrs-anday-kyde-18919887.html
АҚШ-тың жоғары технологиялық қару-жарақ өндірісі қазір қандай күйде
АҚШ-тың жоғары технологиялық қару-жарақ өндірісі қазір қандай күйде
Sputnik Қазақстан
АҚШ-тың әскери бюджеті 778 миллиард долларға жетті. Пентагон АҚШ Әскери-теңіз күштеріне арналған гипердыбысты зымыран дайындау келісімшартының соммасын 3... 18.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-18T09:55+0500
2021-12-18T09:55+0500
2022-02-01T13:05+0500
колумнист
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18748678_0:26:3549:2022_1920x0_80_0_0_b0bf31138ffec4bf4cc5c393e93e3bbc.jpg
Америкалықтар гипердыбысты қару саласына түрлі сегіз бағдарлама арнады және 2022 жылы олар тағы 3,8 миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр. Бұл шығындар Еуропаның қорғаныс бастамасының бюджетімен (4 миллиард доллар) теңесуге жақын.Пентагон есебі бойынша, теңізде орналастыруға арналған қашықтығы 700 километрден асатын гипердыбысты зымыранды әзірлеу бес жыл ішінде аяқталып, 2024 жылы "таңдаулы нысандарға дөп тиетін" және "бір сағат ішінде Жердің кез келген нүктесінде" соққы жасай алатын техника таныстырылуға тиісті. Бірақ америкалықтар бастапқы үдеу проблемасын әлі шешкен жоқ. Ал гипердыбысты жылдамдықтағы басқарылатын ұшу әлдеқайда ауқымды проблема болып отыр.АҚШ әуеде орналастырылатын AGM-183A (ARRW) гипердыбысты зымыранын әзірлеуді (қарулануға қабылдауды) 2022 жылдың күзінде аяқтауды көздеген болатын. Бірақ сынақ протоптиптері қомақты қаражатқа қарамастан үдейтін емес. 2021 жылдың шілде мен сәуіріндегі AGM-183A сынақтары сәтсіз аяқталды.Пентагонның құрлықтағы әскері 3000 километр қашықтыққа ұшатын LRHW (Long Range Hypersonic Weapon) мобильді гипердыбысты жүйесін ең ерте дегенде 2023 жылы алуға үміттеніп отырғанымен, көпсатылы үдеткіштер сынағы көңілден шықпай отыр.АҚШ қорғаныс министрлігінің перспективалы зерттеу бағдарламалары басқармасы қыркүйекте HAWC (Hypersonic Air-breathing Weapon Concept) зымыраны сәтті сынақтан өткені туралы қысқа ақпарат ұсынды. Бірақ бұл зымыран 5 Мах жылдамдықты қайда және қашан игергені туралы толық айтылмады.Америкалық гипердыбысты жобаларды жүзеге асыру материалдар және жылумен байланысты маңызды технологиялық және инженерлік проблемаларға тап болып отыр. Гипердыбысты жылдамдыққа дейін үдетуден кейін атмосферада, яғни антенналар мен датчиктерді айтпағанда, корпусты күйдіріп жіберуі мүмкін жоғары температуралы плазма бұлтында маневрлік ұшу басталады. Бұл жағдайда борттық электроника курс пен маневр есебін тұрақты қамтамасыз етуі керек. Мысалы, Аляскада америкалық Х-43А гипердыбысты зымыраны 6500 км/сағ жылдамдықпен ұшудан кейінгі жетінші секундта атмосферада жанып кетті. Ал ресейлік "Циркон", "Авангард", "Кинжал" жанған жоқ.АҚШ-тың Алабама штатындағы Кортленд қаласында әуедегі гипердыбысты зымырандарды жинау бойынша Lockheed Martin зауыты пайда болды. Бірақ ол зымырандар күні бүгінге дейін бірде-бір сәтті сынақтан өтпеді. Кәсіпорын 2022 жылдың соңына дейін АҚШ Әскери-әуе күштері үшін AGM-183A 12 гипердыбысты зымыран дайындауды жоспарлап отыр.АҚШ пен НАТО әуедегі және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін тиімсіз ететін Ресейдің "Авангард", "Циркон", "Кинжал" гипердыбысты техникасының пайда болуына таңырқап отырған шақта әлемдік қару-жарақ саласында Қытайдың гипердыбысты қаруы төбе көрсетті.Бейжің өз техникасын жарнамаламағанмен, америкалық БАҚ қытайлар "физика шектеуін еңсергенін" жақсы біліп отыр. "Чанчжен" ұшу аппараты жақында өткен сынақ кезінде Оңтүстік Қытай теңізі аспанында Жерді айналып өтіп, нысанадан сәл ғана ауытқыған гипердыбысты зымыранды іске қосты. Бұл шамамен 40 километрге созылатын сынақты ұшу үшін тамаша нәтиже.АҚШ Қарулы күштері Штаб қолбасшылары біріккен комитетінің басшысы Марк Милли америкалық зымыранға қарсы жүйеге төтеп бере алатын қытай зымырандарының мүмкіндігін жоғары бағалады. Сондықтан Пентагон Қытайдағы гипердыбысты техникаға алаңдап отыр. Алайда Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй "Бейжіңнің әскери саясаты қорғаныс сипатында" екенін баса айтты.Бұған дейін Ресейді әлемдік гипердыбысты жүйелер бойынша бірінші орынға шығарған "Авангард" блогы қарулануға қабылданды. Британдық The Telegraph басылымы соғыста қолдану тактикасын былай сипаттады: 2018 жылдың 26 желтоқсанында Оралда ұшырылған зымыран тасымалдағыш ғарыш кеңістігіне шықпастан, шамамен Сібір аспанындағы 7000 километр ирек траекторияны жоспарлап, Камчаткадағы нысанаға дәл тиген оқтұмсықты стратосферада іске қосты.Жалпы Ресей мен Қытай әлем елдерінің ешқайсысымен қарулы қақтығысқа түсуді көздемейтінін атап өту керек. Олар өз территориясы мен одақтастарын ұжымдық Батыс агрессиясынан қорғау мақсатында гипердыбысты зымырандарды әзірлеуге мәжбүр болды. Мәскеу мен Бейжің жоғары технологиялық әскері қуатымен ешкімді үркітіп немесе қысым көрсетіп отырған жоқ.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
https://sputnik.kz/20211214/aksh-askeri-ushak-18898599.html
https://sputnik.kz/20211213/Nazarbaev-Resey-karym-katynas-18888174.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18748678_408:0:3139:2048_1920x0_80_0_0_0c8fddc04d3266680b1ef53c9a147794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
колумнист
АҚШ-тың жоғары технологиялық қару-жарақ өндірісі қазір қандай күйде
09:55 18.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Александр Хроленко
колумнист
АҚШ-тың әскери бюджеті 778 миллиард долларға жетті. Пентагон АҚШ Әскери-теңіз күштеріне арналған гипердыбысты зымыран дайындау келісімшартының соммасын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтты.
Америкалықтар гипердыбысты қару саласына түрлі сегіз бағдарлама арнады және 2022 жылы олар тағы 3,8 миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр. Бұл шығындар Еуропаның қорғаныс бастамасының бюджетімен (4 миллиард доллар) теңесуге жақын.
Пентагон есебі бойынша, теңізде орналастыруға арналған қашықтығы 700 километрден асатын гипердыбысты зымыранды әзірлеу бес жыл ішінде аяқталып, 2024 жылы "таңдаулы нысандарға дөп тиетін" және "бір сағат ішінде Жердің кез келген нүктесінде" соққы жасай алатын техника таныстырылуға тиісті. Бірақ америкалықтар бастапқы үдеу проблемасын әлі шешкен жоқ. Ал гипердыбысты жылдамдықтағы басқарылатын ұшу әлдеқайда ауқымды проблема болып отыр.
АҚШ әуеде орналастырылатын AGM-183A (ARRW) гипердыбысты зымыранын әзірлеуді (қарулануға қабылдауды) 2022 жылдың күзінде аяқтауды көздеген болатын. Бірақ сынақ протоптиптері қомақты қаражатқа қарамастан үдейтін емес. 2021 жылдың шілде мен сәуіріндегі AGM-183A сынақтары сәтсіз аяқталды.
Пентагонның құрлықтағы әскері 3000 километр қашықтыққа ұшатын LRHW (Long Range Hypersonic Weapon) мобильді гипердыбысты жүйесін ең ерте дегенде 2023 жылы алуға үміттеніп отырғанымен, көпсатылы үдеткіштер сынағы көңілден шықпай отыр.
АҚШ қорғаныс министрлігінің перспективалы зерттеу бағдарламалары басқармасы қыркүйекте HAWC (Hypersonic Air-breathing Weapon Concept) зымыраны сәтті сынақтан өткені туралы қысқа ақпарат ұсынды. Бірақ бұл зымыран 5 Мах жылдамдықты қайда және қашан игергені туралы толық айтылмады.
Америкалық гипердыбысты жобаларды жүзеге асыру материалдар және жылумен байланысты маңызды технологиялық және инженерлік проблемаларға тап болып отыр. Гипердыбысты жылдамдыққа дейін үдетуден кейін атмосферада, яғни антенналар мен датчиктерді айтпағанда, корпусты күйдіріп жіберуі мүмкін жоғары температуралы плазма бұлтында маневрлік ұшу басталады. Бұл жағдайда борттық электроника курс пен маневр есебін тұрақты қамтамасыз етуі керек. Мысалы, Аляскада америкалық Х-43А гипердыбысты зымыраны 6500 км/сағ жылдамдықпен ұшудан кейінгі жетінші секундта атмосферада жанып кетті. Ал ресейлік "Циркон", "Авангард", "Кинжал" жанған жоқ.
АҚШ-тың Алабама штатындағы Кортленд қаласында әуедегі гипердыбысты зымырандарды жинау бойынша Lockheed Martin зауыты пайда болды. Бірақ ол зымырандар күні бүгінге дейін бірде-бір сәтті сынақтан өтпеді. Кәсіпорын 2022 жылдың соңына дейін АҚШ Әскери-әуе күштері үшін AGM-183A 12 гипердыбысты зымыран дайындауды жоспарлап отыр.
АҚШ пен НАТО әуедегі және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін тиімсіз ететін Ресейдің "Авангард", "Циркон", "Кинжал" гипердыбысты техникасының пайда болуына таңырқап отырған шақта әлемдік қару-жарақ саласында Қытайдың гипердыбысты қаруы төбе көрсетті.
Бейжің өз техникасын жарнамаламағанмен, америкалық БАҚ қытайлар "физика шектеуін еңсергенін" жақсы біліп отыр. "Чанчжен" ұшу аппараты жақында өткен сынақ кезінде Оңтүстік Қытай теңізі аспанында Жерді айналып өтіп, нысанадан сәл ғана ауытқыған гипердыбысты зымыранды іске қосты. Бұл шамамен 40 километрге созылатын сынақты ұшу үшін тамаша нәтиже.
АҚШ Қарулы күштері Штаб қолбасшылары біріккен комитетінің басшысы Марк Милли америкалық зымыранға қарсы жүйеге төтеп бере алатын қытай зымырандарының мүмкіндігін жоғары бағалады. Сондықтан Пентагон Қытайдағы гипердыбысты техникаға алаңдап отыр. Алайда Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй "Бейжіңнің әскери саясаты қорғаныс сипатында" екенін баса айтты.
Бұған дейін Ресейді әлемдік гипердыбысты жүйелер бойынша бірінші орынға шығарған "Авангард" блогы қарулануға қабылданды. Британдық The Telegraph басылымы соғыста қолдану тактикасын былай сипаттады: 2018 жылдың 26 желтоқсанында Оралда ұшырылған зымыран тасымалдағыш ғарыш кеңістігіне шықпастан, шамамен Сібір аспанындағы 7000 километр ирек траекторияны жоспарлап, Камчаткадағы нысанаға дәл тиген оқтұмсықты стратосферада іске қосты.
Жалпы Ресей мен Қытай әлем елдерінің ешқайсысымен қарулы қақтығысқа түсуді көздемейтінін атап өту керек. Олар өз территориясы мен одақтастарын ұжымдық Батыс агрессиясынан қорғау мақсатында гипердыбысты зымырандарды әзірлеуге мәжбүр болды. Мәскеу мен Бейжің жоғары технологиялық әскері қуатымен ешкімді үркітіп немесе қысым көрсетіп отырған жоқ.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы