Саясат

Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы дамып жатқанын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги России и Казахстана
Флаги России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен инвестициялық-банк саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы мәлімдеді
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ВТБ банкінің президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жоғары қарқынын атап өтіп, инвестициялық-банк саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына тоқталды", - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Костин банктің Қазақстандағы жұмысы және инвестициялық қызметтің перспективалары туралы айтты. Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Тұңғыш президенттің елдің қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегі мен үлесін атап өтті.
Айта кетері, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсіміне қатысқан болатын.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0