https://sputnik.kz/20211210/Putin-Nazarbaev-telefon-18876891.html
Путин Назарбаевпен болған телефон әңгімесін еске алды
Путин Назарбаевпен болған телефон әңгімесін еске алды
Sputnik Қазақстан
Айтуынша, екі елдің президенті Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру басымдық болатынына келіскен 10.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-10T16:33+0500
2021-12-10T16:33+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
владимир путин
назарбаев
телефон
https://sputnik.kz/img/1303/79/13037979_0:68:2121:1261_1920x0_80_0_0_a950a8adf005944d45b1d80f0948d87d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше жыл бұрын телефонмен не жайлы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Путин Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына бастамашы болғанын атап өтті. Осыдан кейін, айтуынша, екі елдің президенті Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру басымдық болатынына келіскен. "Біз бірлестік құру жайлы бұған дейін сөйлестік, Беларусь, Украина да қосылуға дайын еді. Бірақ Украинамен іске аспай қалды, әйтсе де Украинаның сол кездегі басшылығы қосылуға ниет білдірген болатын", - деді Ресей басшысы. "Сөйтіп қолы жеңіл Қазақстан тұңғыш президентінің арқасында процесс басталып кетті. Ал бүгін біз бұл өте дұрыс шешім болғанына көз жеткізіп отырмыз", - деп түйіндеді Путин. 10 желтоқсанда ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Шара онлайн форматта ұйымдастырылды. ЖЕЭК отырысына Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭО елдері басшылары, ЕАЭО жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысты.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1303/79/13037979_0:0:2121:1592_1920x0_80_0_0_37a3435567899821fb0e88f1b488da19.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, назарбаев, телефон
владимир путин, назарбаев, телефон
Путин Назарбаевпен болған телефон әңгімесін еске алды
16:33 10.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Айтуынша, екі елдің президенті Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру басымдық болатынына келіскен
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше жыл бұрын телефонмен не жайлы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Путин Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына бастамашы болғанын атап өтті.
"Сол телефон әңгімесі әлі күнге дейін өте жақсы есімде. Ол маған қоңырау шалып, Ресей таяу болашақта басымдық ретінде нені көретінін сұрады", - деді Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.
Осыдан кейін, айтуынша, екі елдің президенті Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру басымдық болатынына келіскен.
"Біз бірлестік құру жайлы бұған дейін сөйлестік, Беларусь, Украина да қосылуға дайын еді. Бірақ Украинамен іске аспай қалды, әйтсе де Украинаның сол кездегі басшылығы қосылуға ниет білдірген болатын", - деді Ресей басшысы.
"Сөйтіп қолы жеңіл Қазақстан тұңғыш президентінің арқасында процесс басталып кетті. Ал бүгін біз бұл өте дұрыс шешім болғанына көз жеткізіп отырмыз", - деп түйіндеді Путин.
10 желтоқсанда ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Шара онлайн форматта ұйымдастырылды.
ЖЕЭК отырысына Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭО елдері басшылары, ЕАЭО жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысты.