Саясат

Путин Назарбаевпен болған телефон әңгімесін еске алды

© Photo : пресс-служба ЕлбасыНурсултан Назарбаев и Владимир Путин
Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Айтуынша, екі елдің президенті Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру басымдық болатынына келіскен
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше жыл бұрын телефонмен не жайлы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Путин Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына бастамашы болғанын атап өтті.
"Сол телефон әңгімесі әлі күнге дейін өте жақсы есімде. Ол маған қоңырау шалып, Ресей таяу болашақта басымдық ретінде нені көретінін сұрады", - деді Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.
Осыдан кейін, айтуынша, екі елдің президенті Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру басымдық болатынына келіскен.
"Біз бірлестік құру жайлы бұған дейін сөйлестік, Беларусь, Украина да қосылуға дайын еді. Бірақ Украинамен іске аспай қалды, әйтсе де Украинаның сол кездегі басшылығы қосылуға ниет білдірген болатын", - деді Ресей басшысы.
"Сөйтіп қолы жеңіл Қазақстан тұңғыш президентінің арқасында процесс басталып кетті. Ал бүгін біз бұл өте дұрыс шешім болғанына көз жеткізіп отырмыз", - деп түйіндеді Путин.
10 желтоқсанда ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Шара онлайн форматта ұйымдастырылды.
ЖЕЭК отырысына Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭО елдері басшылары, ЕАЭО жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысты.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0