Қоғам

Қазақстандықтар қаңтарда неше күн демалады

CC0 / / Блокнот для записей
Блокнот для записей - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
2022 жылдың қаңтарында 10 демалыс және 3 мереке күні бар. 1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды атап өтеді
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылдың қаңтарында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндері 13 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жылдың соңғы күні – 31 желтоқсан жұмаға түсіп тұр. Бұл – жұмыс күні.
2022 жылдың қаңтарында 10 демалыс және 3 мереке күні бар. 1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды атап өтеді. Мерекелер сенбі және жексенбіге түсетіндіктен, олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады.
Рождество мерекесі – 7 қаңтар жұмаға түсіп тұр. Бұл күні қазақстандықтар демалады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер келер жылдың қаңтарында 13 күн демалады (1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 15, 16, 22, 23, 29, 30 қаңтар), аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады (1, 2, 3, 7, 9, 16, 23, 30 қаңтар).

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0