19:03 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
5595 0 0

Барыс жылы қай зодиак белгісіне сәттілік пен табыс әкелетінін, кімге махаббат қызықтарын сыйлайтынын материалдан оқыңыз

2022 жылы төрт шоқжұлдыз өкілдеріне міндетті түрде сәттілік серігі болады

Тоқтылардың жұмыста жолы болады. Сәттілік оларға қаржы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл үшін олар өздерін рухани және физикалық жағынан дамытуы қажет, деп жазады "Московский комсомолец".

Шаяндар күрделі қарым-қатынастан құтылады. Арандатушылыққа еруді тоқтап, манипуляторларға қарсы тұрады. Оларға келер жылы жаңа серігін табу оңайға түседі.

Бикештер өз-өзіне қатты көңіл бөледі. Марапат та көп күттірмейді. Тасы өрге домалайды. Өз беделі мен әлеуметтік мәртебесін көтеру мүмкіндігі пайда болады.

Тауешкілерге тағдыр хобби түрінде сый дайындап жатыр. Бұл зодиак белгісіндегі адамдардың көптен күткен арманы орындалады. Өмірлік күш-қуат жинау, демалыс уақыты келеді.

Оқи отырыңыз: Жұлдыз жорамал: 2022 жылы кімдер табысқа кенеледі

Астрологтар 2022 жылы жолы болатын бірнеше зодиак белгісін атады. Алайда бұл қалғандарын қиындық күтіп тұр дегенді білдірмейді. Жұлдызнамашылар болжамға құлақ асуға, бірақ болашаққа мақсат қойып, өздігінен әрекет етуге кеңес береді.

Барыс жылы не күтіп тұр

Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 2022 жылы 1 ақпанда келіп, 2023 жылы 21 қаңтарда аяқталады. Бұл жыртқыштың стихиясы – су, сол себепті 2022 жылдың символын су немесе қара барыс деп атайды.

Астрологтар 2022 жыл өзгерістерге толы болады деген ортақ пікірде, кейбіріне Барыс жылы түбегейлі өзгерістер әкеледі. Сондай-ақ бұл жыл қоныс аудару немесе жұмыс ауыстыру кезеңі. Әсіресе, жаңа істе бағын сынағысы келетіндер үшін сәтті жыл болмақ.

Кілт сөздер:
2022 жыл, табыс, жаңа жыл
Загрузка...

Басты тақырып