08:14 18 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2553 0 0

Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мыңға дейін көтеруді тапсырған болатын. Бұл үшін мемлекеттік органдар бюджетті қайта қарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек — Sputnik. "2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жария талқылауға шығарылды. Құжатта 2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақының болжамды мөлшері анықталған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесінде өзгеріске ең төменгі жалақы мөлшерінің 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артуы себеп болғаны жазылған.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:     

  • жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкциялары, салық және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн, деп жазылған құжатта.

Заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. 6 қазанға дейін талқыланады.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін бе
Зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қоңырау қабылдайтын колл-орталықтың нөмірі өзгерді
Зейнетақы жинағын алғысы келетіндер үшін жаңа қызмет іске қосылды
Зейнетақы жинағы "Отбасы банкіне" аударылады – Тоқаев тапсырмасы
Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының денесін бір жыл бойы жасырған
Кілт сөздер:
зейнетақы, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып