Әлем

Ресей Батысқа қатаң талап қойды

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуГорода России. Москва
Города России. Москва - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Сегіз жылдан бері Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы кезекті шиеленіс пен дағдарыстар легіне айналып келді
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Ресейде президентті сынға алатындар ұлттық көшбасшының саясатын қолдай отырып, оның көп жағдайда қатаң әрі батыл қадам жасағанын қалайды, деп жазды РИА Новости.
Путинге тән салмақтылық, ұстамдылық пен мәселені бірізді шешу және кез келген жағдайда ымыра табуға талпыну, сезімге берілмеуі құрметте лайық екені сөзсіз. Бірақ бұл қасиеттер кей жағдайда әлсіздік, кейде тіпті ұлттық мүддеге қатысты сатқындық ретінде сипатталады. Турбопатриоттардың пікірінше, бұл әсіресе ресейлік президент көп жылдан бері байсалдылық пен жұмсақтықты ұстанып келе жатқан сыртқы саясатқа қатысты.
Әйткенмен Ресей халқының басым бөлігі Путин әдісінің кемеңгерлігі мен стратегиялық тұрғыдан алғанда дұрыс екенін жақсы түсініп отыр. Сондықтан Мәскеу ұстамдылықтан бас тартып, шұғыл мәлімдеме жасап, қатаң талап қойған шақта қоғамда мазасыздық туындайды. Өйткені бұл іс-әрекеттің немесе мәселенің шектен шыққанын білдіреді.
Знамя СССР - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Әлем
Батыс Путин КСРО-ны қайта құрады деп үрейленіп отыр
Өткен аптада дәл осындай жағдай болды. СІМ жариялаған АҚШ және НАТО-мен арадағы келісімшарттарда "қызыл сызық", "ультиматум" терминдерінің жиі қолданылуы тектен-тек емес. Ресей өзінен күткен, тіпті кейбір саяси күштер талап еткен қадамға барды. Алайда ол қадам орыстардың дәстүрлі сыртқы саясатына қарама-қайша келіп отыр. Мәселе әскери салаға қатысты болғандықтан, алаңдауға себеп бар.
Міне сегіз жылдан бері Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы кезекті шиеленіс пен дағдарыстар легіне айналып келді. Сондықтан кез келген күнәға Ресейді кінәлайтын мәлімдемелерге де ет үйрене бастады. Сол себепті бұл қадамға Ресейді Украинаға қатысты агрессивті саясат ұстанды деп батыс медиасы шулаған шақта емес, Скрипаль ісінен немесе Донбасс аспанында "Боинг" ұшағын қағып түсіргеннен кейін емес, дәл қазір барғанын түсіндіруге тура келіп отыр.
Неге дәл қазір? Не өзгерді?
Бұл сұраққа бір ауыз сөзбен жауап беру мүмкін емес. Себебі оның қыр-сыры мен астары тереңде жатыр.
Бірақ бұл жолы батыл қадамға Ресей мен Батыс қарым-қатынасы емес, жалпыәлемдік жағдай, анығырақ айтсақ, саясаттағы емес, экономикадағы ахуал түрткі болды деуге негіз бар. Өйткені АҚШ пен еуропалық одақтастардың үстемдік ету құралы дәл осы экономика саласында шоғырланып отыр.
Гей-парад - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Қоғам
Батыс елдері неліктен ХХІ ғасыр "құндылықтарын" әртүрлі қабылдайды
Ғаламшарға төніп жатқан жаһандық дағдарыстың ашық кезеңінен аяқ басу аяқталуға жақын 2021 жылдың басты оқиғасына айналды. Батыс та дағдарыстан аулақ емес.
АҚШ пен Еуропа елдеріндегі қаржы және тұрақтандырушы құрылымдар жоғары инфляция қысқа мерзімде орнына келеді деп елді сендіруді доғарды. Өндірістік-логистикалық тізбек бұзылып, тауар тапшылығы да қалыпты жағдай ретінде қабылдана бастады. Энергетикада дағдарыс, ал энергия тасымалдағыштар рекордтық көрсеткішке жетті де, бұл қарапайым халыққа үлкен залал келтіріп отыр. Ауыл шаруашылығындағы мамандар тыңайтқыштар тапшылығы салдарынан келер жылы азық-түлік дағдарысы басталатынын айтып жатыр. Бұл проблемалар тізімін ұзақ тізе беруге болады.
Кейде бұл жағдайдың еш ерекшелігі жоқ екені, себебі рецессия экономиканың бір бөлігі екені туралы пікір естіледі. Стандартты жағдайда бұл дәйектер ақиқат бола алар еді. Бірақ бар мәселе қазіргі ахуал стандарттан тыс екенінде болып отыр: жаһандық экономикалық жүйе қалыпты форматта дамудың барлық әлеуетінен айырылды. Басты пайда алушы ретінде Батыс енді жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын төтенше шараларға баруға мәжбүр. 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде жеңілдік беру саясаты арқылы Батыс болашақтағы құлдырауды үдете түсті деген пікір бар.
Жоғарыда аталған инфляция мен басқа да проблемалар әлемдік экономикаға салынған және ештеңемен қамсыздандырылмаған ақшалай қаражаттың Еуропа мен АҚШ тұрақтандыру органдарының бақылауынан шығып кетуінің салдары. Бұл жағдай жауапты құрылымдардың басқару шараларына бой берер емес.
Государственный флаг США у американского посольства в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
Әлем
Ресей Ашық аспан шартынан шығады
Олай болса Ресей (сондай-ақ әлемдік жүйенің трансформациясы үшін жұмыс істеп жатқан Қытай және басқа мемлекеттер) алдында екі міндет тұр. Бір жағынан, Ресей қысым көрсету арқылы АҚШ-ты әлемдік үстемдік тағынан құлатуды жылдамдата алады. Екінші жағынан, қазіргі ахуал сын-қатерді, соның ішінде әскери қауіпті арттырып тұр. Себебі тығырыққа тірелген тарап аса қауіпті жыртқышқа айналады. Ал шынайы қиындықтың не екенін білмейтін батыс элитасының басым бөлігі бұл жағдайда ақылға қонбайтын әрекетке баруы ықтимал.
Егер осы көзқарас арқылы Мәскеу бастамасын қарастырсақ, АҚШ және НАТО-мен арадағы жарияланған келісімшарт жобалары мен ресейлік ресми тұлғалардың мәлімдемелері осы екі міндетті де шешуге бағытталған.
Біріншіден, мәні мен нысаны бойынша олар талқылауға арналған ұсыныс емес, ультиматум, яғни, бұлтарыссыз капитуляция талабын білдіріп тұр. Сондықтан Батыс қазір біршама мазасызданып, дегбірі қаша бастағаны байқалады.
Екіншіден, әскери проблеманы ашып көрсетіп, қатаң мәлімдеме жасауы Ресей моральді, техникалық және басқа да сипатта оқиғаның қандай бағытта өрбуіне дайын екенін көрсетті. Ал өткен жылдар Ресей қажеттілік туындаған кезде қару қолдануға батыл бара алатынын дәлелдеп тұр.
Сондықтан Ресейдің әскери бағыт бойынша батыл мәлімдемесі Батыстағы жауапты тұлғалардың жаһандық ауқымдағы соғысқа жол бермеуі үшін орыстарға қарсы бағыт-бағдарын айқындауға итермелеуді көздейді.
Жаңалықтар
0