Әлем

Ресей Ашық аспан шартынан шығады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуГосударственный флаг США у американского посольства в Москве
Государственный флаг США у американского посольства в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
Жазылу
2020 жылдың 22 қарашасында Вашингтонның Ашық аспан шартынан (ААШ) шығуына жауап ретінде 18 желтоқсанда Ресей ресми түрде осы шарттан шығады
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Халықаралық қауіпсіздік үшін қауіпті бұл бастама АҚШ-тың еуропалық және азиялық одақтастарының мүдделерін елемеуінің жалғыз үлгісі емес.
Біраз бұрын Вашингтон зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу (ЗҚҚ) мен орта және шағын қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы шарттардан біржақты тәртіпте шығып кетті. Американың жарқын болашағы үшін Пентагонның қолы байлаулы болмауы керек – бұл жаһандық, стратегиялық басымдық. Еуропалық қауіпсіздік жүйесін елемеуге де болады деп ойлайтын секілді.
1992 жылдың 24 наурызында Хельсинкиде қол қойылған Ашық аспан шарты 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Ол құжат АҚШ пен Канаданы қоса алғанда ЕҚЫҰ-ны мүше 57 мемлекеттің 34 елдің әуе кеңістігінде арнайы фотоаппаратпен шетелдік ұшақтардың шекті ұшулар орындауына рұқсат етеді. АҚШ пен Беларусь Республикасы және Ресей әскери қызметті бақылауға арналған жыл сайынғы ұшулар квотасы түрлі әлемнің аспанында 42 ұшуды орындауды қарастырды. Германия, Канада, Франция, Ұлыбритания, Италия, Түркия және Украинаның әрқайсысы 12 рейс ұшу орындай алды. Ақпарат шартқа қатысушылардың барлығына қолжетімді ортақ деректер банкіне жолданып отырды.
Испытание гиперзвуковой ракеты Циркон - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
АҚШ-тың жоғары технологиялық қару-жарақ өндірісі қазір қандай күйде
Ашық аспан шартын әскери барлау құралы ретінде асыра бағалаудың қажеті жоқ. Ресей, Қытай, НАТО елдерінің әскери мақсатта қолданылатын заманауи ғарыш аппараттары әлеуетті қарсыластың аспанында тұрақты түрде ұшулар орындап, қажет ақпаратты жинауға қауқарлы. Әйтсе де Ресейдің белсенді қатысуымен әзірленген келісімшарт сенім мен ашықтық маңызды әскери-саяси символы, тарихи опттимизмге негіз іспеттес еді.
Сондықтан 2020 жылдың 22 қарашасында Кремль Вашингтонның Ашық аспан шартынан Ресей кейбір талаптарды орындамады деген желеумен шығуына шын кейістік білдірді. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков америкалық тарап болмаса, шарттың ешқандай мәні болмайтынын айтты. Сондықтан Мәскеу үшін Ашық аспан шартында қалған НАТО-ның басқа елдері Пентагонмен Ресейдің әскери қызметі туралы ақпарат бөлісуіне жол беруі қисынсыз болды.
Біраз бұрын Вашингтон өзара ұшулар орындау туралы идея ұсынып, кейіннен шарттың орындалуын цифрлық негізге ауыстыру туралы бастама көтерді. Ресей аумағында "серіктестердің" аэротүсірілімге арналған әскери нысандар ашуы жай шешім емес еді. Ал Ресей өз ұшақтарын бақылаудың әлдеқайда жетілдірілген цифрлық аппаратурасын дайдындағанда, АҚШ "тиімсіз аумақтар" мен басқа да кедергілер тудыра бастады.
Содан кейін мемлекеттік департамент Ресей Ашық аспан шарты аясында түсірілген суреттерді АҚШ пен Еуропаның маңызды инфрақұрылымына соққы жасауды көздейтін агрессивті доктринаның пайдасына қолданып отыр деп айыптады.
Жалпы Ашық аспан шартының тарихында АҚШ пен НАТО біржақты басымдық алғысы келді. Вашингтонның зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу шарты, орта және шағын қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы шарт, Ашық аспан шартынан шығуы ортақ стратегияны айшықтап тұр. Өйткені АҚШ Тынық мұхиты және Еуропадағы әскери әрекеттер театрында еркін іс-әрекеттер орындауы үшін барлық шартты түрі, қашықтығы, орналасу графигі бойынша шектеуді алып тастауы қажет.
Мероприятия с участием Путина в рамках государственного визита в РФ Си Цзиньпина - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2021
Әлем
Ресей мен Қытай одақтастығы күшейді
Пентагонның қолайсыз әрекеттері Еуропа мен Азиядағы АҚШ одақтастарына зиян келтіруі мүмкін. Бірақ ілеспе шығынсыз жаһандық саясатты құру мүмкін емес. Мұны ескі әлем түсініп отыр ма?
"НАТО Ашық аспан шартын қоса алғанда қарулануды бақылау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ біз ресейлік тараптың талаптарды сақтауы бойынша проблемаларын көрдік. Сондай-ақ Ресейдің шешімін өкінішпен қабылдадық. Бірақ біз диалог орнатуға дайынбыз. Біз өзімізге сенімдіміз, бір біргеміз, біз қуаттымыз. Біз Ресеймен диалог құрудан ешқашан қорықпаймыз", - деді НАТО мемлекеттік хатшысы Йенс Столтенберг.
Столтенберг нақты жауаптан жалтарып, АҚШ Ашық аспан шартын өз мүддесі үшін бұзғанын айтпай отыр. Германия мен ЕО-ның басқа елдері көрсеткен қарсылыққа қарамастан, Вашингтон талқылауда демократияны қажет етпеді.
РФ Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Валерий Герасимов "Еуропа және Азия-Тынық мұхиты өңірінде орта және шағын қашықтыққа ұшатын зымырандарды орналастыру өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр" деген пікір білдірді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0