Әлем

Ресей мен Қытай одақтастығы күшейді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуМероприятия с участием Путина в рамках государственного визита в РФ Си Цзиньпина
Мероприятия с участием Путина в рамках государственного визита в РФ Си Цзиньпина - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2021
Жазылу
Ресей мен Қытай қарым-қатынасында теңдік пен ортақ мүдде маңызды рөл ойнайды
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Күні кеше РФ президенті Владимир Путинмен өткен келіссөз кезінде Си Цзиньпин Ресей мен Қытай қарым-қатынасы одақтастық деңгейден жоғары өрлеп жатыр деген пікір білдірді, деп жазды РИА Новости.
Кездесу онлайн форматта өткеніне қарамастан, мұны толыққанды кездесу ретінде қарастырды. Сондықтан болсар, қытайлық көшбасшы бұл 2013 жылдан бері екі ел президенттерінің 37-ші рет кездесуі екенін атап өтті.
Коронавирус пандемиясы болмағанда, бұл сан ендігі елуге жетіп қалатын еді. Себебі Си мен Путин соңғы рет 2019 жылдың қарашасында қол алысты. Жалпы жақын уақытта қос көшбасшы бетпе-бет кездеседі деп жоспарланып отыр: ақпанның басында Путин келіссөз үшін, Олимпиада ойындарының ашул салтанатына қатысу үшін Бейжіңге аттанады. Айта кету керек, қазір АҚШ пен басқа да ағылшын-саксон елдері спорт шарасына бойкот жариялады.
Запуск компрессорной станции на газопроводе Бейнеу-Бозой-Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Саясат
Назарбаев Ресей мен Қытай қолдауын ұмытпауға шақырды
2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындары АҚШ президенті қатысқан жалғыз шетелдік Олимпиада ойыны болды. Сол кезде тек Джордж Буш қана емес, америкалық элитаның басым бөлігі Қытай жаһандану ісінде екінші рөлде болуға келіседі, ал Ресей жағымсыз, бірақ өңірлік держава болады деп үміттенді. Олар Мәскеу – Вашингтон – Бейжің үштігі америкалық ықпалмен қалыптасады деп көздеді. Алайда араға 13 жыл салып, жағдайдың түбегейлі өзгергенін көріп отырмыз.
Әрине, Қытай мен Ресей ресми әскери-саяси одақ құрған жоқ. Бірақ екі ел қарым-қатынасы одақтастықтан жоғарылай түсті. Себебі өзара ынтымақтастықта бірінен бірі басым түсуге, бұйыруға немесе өз дегеніне мәжбүрлеуге жол жоқ. Ресей мен Қытай қарым-қатынасында теңдік пен ортақ мүдде маңызды рөл ойнайды. Бұл мүдде өз елі мен оның ұстанымдарын нығайтуды көздейтін ұлттық және атлантикалық жоба шырғалаңында жаңа жүйе құруды мақсат ететін жаһандық сипатта екені мәлім.
Ағылшын-саксон гегемониясының құлдырауы жаһандық апатқа айналып, Ресей мен Қытайға зиян келтірмеуі үшін орыс-қытай байланысы аса қажет. Сол себепті Мәскеу мен Бейжіңнің бір-бірімен байланысты нығайтып, одақтастықты күшейтуі уақыт пен қазіргі ахуал тудырып отырған қажеттілік. Екі ел байланысына ешқандай сыртқы күш ықпал ете алмайды. Бұл осыған дейін-ақ белгілі жағдай еді.
Сондықтан Си Цзиньпин әңгімені екі ел арасына іріткі салсығы келетіндерге тойтарыс беріп жатқан Путиннің іс-әрекетін жоғары бағалаудан бастады. Расында да жақында ғана Путин кейбір батыстық серіктестер Мәскеу мен Бейжің арасына жік салуға ашық әрекет етіп жатқанын мәлімдеді. Путин Ресей мен Қытай мұндай әрекеттерге әріптестік пен халықаралық аренадағы қадамды үйлестіруді кеңейтумен жауап беретінін атап өтті. Яғни, екі мемлекетті керістіруге тырысқан сайын олар жақындай түседі. Путиннің осы сөзі екі күннен кейін Си мен Байден видеосаммитінде айтылды.
Архивное фото истребителя Су-27 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Ресей мен Қытай арандатушыларға қарсы әрекет етпек 
Көрші жатқан екі держава ретінде Ресей мен Қытайдың арасында жекелеген сала және өңір бойынша бәсекелестік пен даулы мәселелер бар екені анық. Алайда Путин мен Си америкалықтарға мұндай кереғар пікірді пайдаланып, екі ел арасын бұзуға жол бермеу керек екенін жақсы түсінеді. Өйткені Қытай мен Ресейді біріктіріп тұрған мәселе әлдеқайда ауқымды. Мәскеу мен Бейжіңнің 1960-жылдардағы қателікті қайталауға құқығы жоқ.
Сол шақта одақтас қарым-қатынасты бұзылмағанда, ҚХР мен КСРО тағдыры мүлде басқа болар еді. Жалпы бүкіл әлем тарихи басқа бағытта дамитын еді. Сондықтан өткенге көз жүгіртіп, тарихтағы қателіктерді қайталамауға, олардан сабақ алуға тырысу қажет. Ресей мен Қытай одақтастықты күшейтіп, батыстағы серіктестердің әрекетін бақылауға көшті.
Атлантикалық серіктестер небәрі он жыл бұрын бәрі айқын – Ресейдің жаһандық ықпалы жоқ екені, Қытай кіші серіктес рөліне ерте ме, кеш пе келісетіні, Ресей-Қытай альянсы тарайтыны анық еді деп таңғалып отыр. Жеңілісті мойындау кім-кімге де қиын. Сондықтан АҚШ қолында Тайвань және Украина секілді қысым жасау құралы бар шақта әлі де талпына береді. Бірақ стратегиялық тұрғыда атлантистер жеңілді. Мұны бүкіл әлем түсініп отыр.
Жаңалықтар
0