Ресей мен Қытай арандатушыларға қарсы әрекет етпек 

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото истребителя Су-27
Архивное фото истребителя Су-27 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Ресей мен Қытай 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық жоспарын рәсімдеді. Сейсенбі күні екі елдің қорғаныс министрлері Сергей Шойгу мен Вэй Фэнхэ бейнеконференция арқылы байланысқа шығып, 2021-2025 жылдарға арналған әскери ынтымақтастықтың жол картасына қол қойды

Осы құжатқа сәйкес, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы стратегиялық маневрлерді күшейтеді, әуе кеңістігінде бірлескен патрульдер де көбейеді. Осылайша, Пентагон, НАТО мен AUKUS-тың (АҚШ, Австралия мен Ұлыбританияның әскери одағы) арандатушылық әрекеттеріне тосқауыл қойылады.

Флаги Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Саясат
"Қытай сенімді серіктесіміз болып қала береді": Тоқаев бейнеүндеу жасады
Соңғы кезде АҚШ-тың стратегиялық авиациясы Ресей мен Қытайдың шекарасына жиі жақындап, арандатуды қоятын емес. Мәселен, осы айда он бірдей бомбалаушы ұшақ Ресей Федерациясына қарсы ядролық қаруды қолдану әдістерін орындаған. Олар батыс пен шығыс жақтан бір уақытта шабуыл жасап көрді. Бір жылдың ішінде ондай арандатушылық әрекеттер көбейіп кетті. 2019 жылы Ресейдің шығыс шекарасында үш ұшақ қана көрінсе, 2020 жылы олар 22 рет ұшып өткен.

Бүгінде Ресей мен Қытай бірлескен әскери дайындық шараларын жиі өткізе бастады. Тамыз айында алғаш рет "Сибу/Өзара іс-қимыл-2021" шұғыл стратегиялық оқу-жаттығулар ұйымдастырылса, екі елдің зымыран тасушы мен бомбалаушы ұшақтары Жапон теңізіне ғана, Шығыс Қытай теңізіне де патруль жасап отырады. Ал өткен айда әскери кемелер Жапонияға жақын Цугару мен Осуми бұғаздарын аралап шықты.

Енді, осы әскери ынтымақтастыққа кеңінен тоқталайық, Қытай жерінде өткен стратегиялық оқу-жаттығулар кезінде Ресейдің әуе-ғарыш әскері Ауғанстанға жақын полигондарда әуе соққыларын да жасап көрді. Жалпы, екі алаңда өткен әскери шараға 13 мың сарбаз бен 500 әскери техника қатысты. Осылайша, екі елдің әскері батыс пен шығыста бір уақытта әрекет ете алатынын көрсетті.

17-23 қазанда Ресей мен Қытайдың он әскери кемесі Жапон теңізіне, Тынық мұхиттың батыс жағына және Шығыс Қытай теңізіне патруль жасап қайтты. Зымыран таситын кемелер 1 700 мильді артқа тастап, Жапонияға жақын жерде кемелерге қарсы маневрлер мен атыстарды сәтті орындап келді.

Рукопожатие - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Әлем
Ресейлік БАҚ: АҚШ Ресей мен Қытай қарым-қатынасының нығаюына алаңдаулы
Бұған дейін Жапон теңізінде "Теңіздегі өзара іс-қимыл – 2021" бірлескен оқу-жаттығулары да ұйымдастырылған болатын. Осылайша, Ресей мен Қытай әскерлері арандатушылық әрекеттердің қаншалықты қауіпті екенін ашық көрсетті.

Осы орайда 19 қараша күні ұйымдастырылған бірлескен патрульді де атап өткен жөн. Ту-95МС мен "Хун-6К" стратегиялық бомбалаушы ұшақтары, Су-35С жойғыш ұшақтары мен А-50 ұшағы Жапон теңізін, сондай-ақ Шығыс Қытай теңізін айналып шықты. Бірлескен стратегиялық мақсат толығымен орындалды. Кейбір учаскеде Жапония қарулы күштерінің F-16 мен F-15 жойғыш ұшақтары қатар жүрді.

Ресей мен Қытайдың қорғаныс министрлері 2021 жылғы әскери ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап отыр. Алдағы уақытта барлық келісімді орындауға мүдделі екенін де растады. Себебі екі жақтың мақсаты бір. Ол – халықаралық терроризм қаупін төмендету, тәліптердің мемлекет құраушы қозғалысына айналуын азайту, Пентагон мен НАТО-ның Азиядағы барлық базасын тарату.

Ресей әлемде әскери күші жағынан екінші орында тұр. Ал Қытай бұрынның бері ядролық держава мәртебесіне ие. Бүгінде ғарышты сәтті игеріп, гипердыбыстық зымырандар мен көзге көрінбейтін жойғыш ұшақтардың бесінші буынын шығарып жатыр. Осылайша, біртіндеп бірінші орында тұрған АҚШ-ты да ығыстырады. 

Ресей мен Қытайдың әскери ынтымақтастығы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне де оң ықпалын тигізеді.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасына жазылыңыз

Жаңалықтар
0