https://sputnik.kz/20211214/AKSh-Beyzhin-Olimpiada-18899063.html
АҚШ Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады
АҚШ Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады
Sputnik Қазақстан
Бейжіңге бойкот жариялау әрекеті америкалықтардың ықпалымен іске асып жатқаны белгілі 14.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-14T21:18+0500
2021-12-14T21:18+0500
2023-08-09T16:03+0500
әлем
ақш
бейжің
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1d/18528263_0:310:3072:2048_1920x0_80_0_0_f5709e7b2727a20dcd86aece5be27de0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Жапон билігі Бейжің олимпиадасының дипломатиялық бойкотына қатысты ресми шешім шығармағанымен, күншығыс елінің жоғары лауазымды тұлғалары мен шенеуніктері спорттық шараның ашылу салтанатына қатыспайтыны белгілі болып отыр, деп жазды РИА Новости.Себебі бұл мәселенің айтылып жатқанына бірнеше жыл болды. Бойкот мәселесі қайдан бастау алып отырғанын және Олимпиаданы саяси мақсатта қолдану кімнен басталғанына толығырақ тоқталайық.Қырық жылдан астам уақыт бұрын Мәскеуде өткен Олимпада-80 іс-шарасында демократ президент Джимми Картердің әкімшілігі бойкотқа баруға бел байлады. Вашингтон "өзінің оңтүстік аумағын қорғауы тиісті Мәскеу Ауғанстанға әскери контингент жібергені үшін" КСРО-ны осылайша жазалағысы келді.Жақында ғана АҚШ Ауғанстаннан өз әскерін алып кетуге мәжбүр болған оқиғадан кейін қырық жыл бұрынғы бұл бойкот күлкілі болып көрінеді. Дегенмен қанша уақыт еңбектеніп, басты спорт шарасына қатысуға үміттенген спортшылар үшін ол кезде бұл мәселе еш күлкі тудырған жоқ. Бүкіл еңбек қағаз бетіндегі бір қолтаңбамен жоққа шығарылды.Ал Мәскеуге келуге барын салып, содан кейін өз елінде қаншалықты қысым көргені туралы спортшылардан, мысалы лорд Коудан сұрауға болады.Мәскеудегі Олимпиадаға дейін өз дәрежесінде үздік атлет деп танылған желаяқты орыс елінде жарысқа түсуден бас тартқызуға барын салды. Себастьян Коуға ғана емес, Марргарет Тэтчер кеңсесі деңгейінде оның әкесіне де қысым жасалды. Ал сол кезде 24 жаста болған Лорд Коу Даунинг-стриттегілердің сөзін құлаққа қыстырмады.Олимпиада-80 шарасына бойкот жариялаған америкалықтар Кремльдің де сәйкес әрекетке баратынын білді. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ақырындап аяққа тұрған олимпиада тізбегі қайа бұзылды. Саясатқа спортты араластырудың салдары ұмытылуы үшін бірнеше жыл қажет болды. Алайда Ресейге деген көзқарастың біршама оң бағытқа өзгеруінен кейін Халықаралық Олимпиада комитеті кезекті ойындарды Сочиде өткізу туралы шешім қабылдады да, барлығы қаз-қалпына оралды.Сондықтан егер Вашингтон саясат немесе экономикада бір елмен келісе алмаса, артынша санкция енгізілетіні бәріне мәлім болды. Себебі спорт саласы экономикадан әлеқайда әлсіз сала болып шықты. Өйткені соққы айналым мен кіріске, сауда нарығына емес, адам тағыдырына жасалады.Қазір Вашингтон Бейжіңге ашулы. Сондықтан ол күн астындағы елмен арадағы сауда қарым-қатынасындағы үлкен тапшылыққа қарамастан, Бейжіңді аяқтан шалудың кез келген мүмкіндігін қалт жібермейді. Ал Қытай АҚШ-қа "сендерді ешкім шақырған жоқ, қаласыңдар, келмеңдер" деп қысқа әрі нұсқа жауап берді.Дипломатиялық бойкотқа Ұлыбритания қосылды: корольдік Еуроодақтан кеткендіктен және қазір аралдың басқа одақтастармен қарым-қатынасы шиеленісіп тұрғандықтан, оның Американың айтқанына қосылудан басқа амалы жоқ.Бұл мәселеде Халықаралық олимпиада комитеті өз ойынын жүргізіп отыр. Егер Вашингтон "адам құқықтарын" бұзғаны үшін Бейжіңге бойкот жарияласа, ХОК құқықтарды сақтау ниетімен әйелдер спортын жойып жатыр. Бұл жолы трансгендерлік, яғни еркек боп туылғандардың спортына шүйлікті.Егер спортшының ағзасында ерлер гормоны, негізінен тестостерон неғұрлым басым болса, бұлшықет массасы соғұрлым жоғары және оттегіні қанмен жабдықтау да жоғары болады. Бұл Олимпиада деңгейіндегі жарыстарға қатысқандарға басымдық береді деп саналды.Ал Вашингтон Бейжіңнен жарысқа қатысу ережелеріне енгізуді талап еткен өзгерістер тіпті ақылға қонымсыз. Ол Олимпиада ойындарының рухын бұзады.Жалпы сонау заманнан бері Олимпиада ойындары кезінде мемлекеттер арасындағы кез келген келіспеушілік пен дау ұмытылып, жеңіс үшін күрестегі әділдік қана маңызды болды.Ал бүгінде спортты саясатқа араластырып, соның салдарынан спортшылардың неше жылдық еңбегін сарп етіп, рухын түсіру әдетке айналды. Әйтсе де Олимпиада-80 шарасына бойкот жариялаған Вашингтонға бұл қадам ешқандай саяси ұпай бермегені көңіл медеу болып отыр.
https://sputnik.kz/20211206/nazarbaev-resey-qytay-18831680.html
https://sputnik.kz/20211208/saule-omarova-aqsh-qyzmet-18851116.html
https://sputnik.kz/20211213/Ukraina-Resey-sogys-18889420.html
ақш
бейжің
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1d/18528263_0:118:3072:2048_1920x0_80_0_0_a93bb2b66381aaf4f60e78e566071cdd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, бейжің, олимпиада ойындары
ақш, бейжің, олимпиада ойындары
АҚШ Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады
21:18 14.12.2021 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Бейжіңге бойкот жариялау әрекеті америкалықтардың ықпалымен іске асып жатқаны белгілі
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Жапон билігі Бейжің олимпиадасының дипломатиялық бойкотына қатысты ресми шешім шығармағанымен, күншығыс елінің жоғары лауазымды тұлғалары мен шенеуніктері спорттық шараның ашылу салтанатына қатыспайтыны белгілі болып отыр, деп жазды
РИА Новости.
Себебі бұл мәселенің айтылып жатқанына бірнеше жыл болды. Бойкот мәселесі қайдан бастау алып отырғанын және Олимпиаданы саяси мақсатта қолдану кімнен басталғанына толығырақ тоқталайық.
Қырық жылдан астам уақыт бұрын Мәскеуде өткен Олимпада-80 іс-шарасында демократ президент Джимми Картердің әкімшілігі бойкотқа баруға бел байлады. Вашингтон "өзінің оңтүстік аумағын қорғауы тиісті Мәскеу Ауғанстанға әскери контингент жібергені үшін" КСРО-ны осылайша жазалағысы келді.
Жақында ғана АҚШ Ауғанстаннан өз әскерін алып кетуге мәжбүр болған оқиғадан кейін қырық жыл бұрынғы бұл бойкот күлкілі болып көрінеді. Дегенмен қанша уақыт еңбектеніп, басты спорт шарасына қатысуға үміттенген спортшылар үшін ол кезде бұл мәселе еш күлкі тудырған жоқ. Бүкіл еңбек қағаз бетіндегі бір қолтаңбамен жоққа шығарылды.
Ал Мәскеуге келуге барын салып, содан кейін өз елінде қаншалықты қысым көргені туралы спортшылардан, мысалы лорд Коудан сұрауға болады.
Мәскеудегі Олимпиадаға дейін өз дәрежесінде үздік атлет деп танылған желаяқты орыс елінде жарысқа түсуден бас тартқызуға барын салды. Себастьян Коуға ғана емес, Марргарет Тэтчер кеңсесі деңгейінде оның әкесіне де қысым жасалды. Ал сол кезде 24 жаста болған Лорд Коу Даунинг-стриттегілердің сөзін құлаққа қыстырмады.
Олимпиада-80 шарасына бойкот жариялаған америкалықтар Кремльдің де сәйкес әрекетке баратынын білді. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ақырындап аяққа тұрған олимпиада тізбегі қайа бұзылды. Саясатқа спортты араластырудың салдары ұмытылуы үшін бірнеше жыл қажет болды. Алайда Ресейге деген көзқарастың біршама оң бағытқа өзгеруінен кейін Халықаралық Олимпиада комитеті кезекті ойындарды Сочиде өткізу туралы шешім қабылдады да, барлығы қаз-қалпына оралды.
Сондықтан егер Вашингтон саясат немесе экономикада бір елмен келісе алмаса, артынша санкция енгізілетіні бәріне мәлім болды. Себебі спорт саласы экономикадан әлеқайда әлсіз сала болып шықты. Өйткені соққы айналым мен кіріске, сауда нарығына емес, адам тағыдырына жасалады.
Қазір Вашингтон Бейжіңге ашулы. Сондықтан ол күн астындағы елмен арадағы сауда қарым-қатынасындағы үлкен тапшылыққа қарамастан, Бейжіңді аяқтан шалудың кез келген мүмкіндігін қалт жібермейді. Ал Қытай АҚШ-қа "сендерді ешкім шақырған жоқ, қаласыңдар, келмеңдер" деп қысқа әрі нұсқа жауап берді.
Дипломатиялық бойкотқа Ұлыбритания қосылды: корольдік Еуроодақтан кеткендіктен және қазір аралдың басқа одақтастармен қарым-қатынасы шиеленісіп тұрғандықтан, оның Американың айтқанына қосылудан басқа амалы жоқ.
Бұл мәселеде Халықаралық олимпиада комитеті өз ойынын жүргізіп отыр. Егер Вашингтон "адам құқықтарын" бұзғаны үшін Бейжіңге бойкот жарияласа, ХОК құқықтарды сақтау ниетімен әйелдер спортын жойып жатыр. Бұл жолы трансгендерлік, яғни еркек боп туылғандардың спортына шүйлікті.
Егер спортшының ағзасында ерлер гормоны, негізінен тестостерон неғұрлым басым болса, бұлшықет массасы соғұрлым жоғары және оттегіні қанмен жабдықтау да жоғары болады. Бұл Олимпиада деңгейіндегі жарыстарға қатысқандарға басымдық береді деп саналды.
Ал Вашингтон Бейжіңнен жарысқа қатысу ережелеріне енгізуді талап еткен өзгерістер тіпті ақылға қонымсыз. Ол Олимпиада ойындарының рухын бұзады.
Жалпы сонау заманнан бері Олимпиада ойындары кезінде мемлекеттер арасындағы кез келген келіспеушілік пен дау ұмытылып, жеңіс үшін күрестегі әділдік қана маңызды болды.
Ал бүгінде спортты саясатқа араластырып, соның салдарынан спортшылардың неше жылдық еңбегін сарп етіп, рухын түсіру әдетке айналды. Әйтсе де Олимпиада-80 шарасына бойкот жариялаған Вашингтонға бұл қадам ешқандай саяси ұпай бермегені көңіл медеу болып отыр.