Экономика

Тоқаев бүгін маңызды жиынға қатысады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
Іс-шара бүгін, 10 желтоқсанда бейнебайланыс форматында өтеді. Жиынға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды.
Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.
Отырыс Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де "Хабар-24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0