Қоғам

"Қазақстан бұрын қонақжай еді": Тоқаев Лукашенконың шымшыма сөзіне не деп жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневПрезиденты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев
Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лукашенконы қазақ халқының қонақжайлығына күмәнданбауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдері басшыларын биыл күзде өз еліне келуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы пандемияға байланысты бейнебайланыс форматында басталды. 

"Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Көптен көріскен жоқпыз, бір-бірімізді сағындық. Қазақстан бұрын қонақжай еді, қонаққа шақыратын. Ал қазір неге екені белгісіз жабылып қалды. Вакцина жақсы, халыққа екпе салдыру қарқынды жүріп жатыр деп айтамыз. Ол рас. Бірақ біртүрлі кездесе алмай жүрміз", - деді Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Ол әріптестерін биыл қазан айында ел астанасы Минскке қонаққа шақырды.

"Сіздерді осында қуана қарсы аламын. Өкінбейсіздер деген ойдамын.  Өкінішке қарай, пандемияға байланысты әзірге осындай форматта араласуға тура келіп тұр", - деді президент.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бес елдің президенті қатысып жатқан отырыста өзекті мәселені көтерді 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының қонақжайлығына күмәнданбауға шақырды.

"Александр Григорьевич, дәстүрлі есте қаларлық сөзіңіз үшін алғыс айтамын. Әріптестеріме айтарым: біздің қонақжайлығымызға күмәнданбаңыздар, кездесуді онлайн өткізу туралы шешімді бәріміз ақылдасып қабылдадық. Біз мемлекет басшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Індет әлі басылған жоқ, сол себепті сақтанып жүрген абзал", - деді президент.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы басталды.

Оған ЖЕЭК құрметті төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысып жатыр.

Жаңалықтар
0