https://sputnik.kz/20211207/Toqaev-raqymshylyq-18848111.html
Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Рақымшылық Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойына орай жасалып отыр. 14 мың тұтқын бостандыққа шығуы мүмкін 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T16:25+0500
2021-12-07T16:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
амнистия
қасым-жомарт тоқаев
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16477655_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_3ea4720c74ef827ea454fd3d52753636.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Заңның мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту.Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.Ауыр және аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға барған адамдар рақымшылыққа ілікпейді.Қазір республикада 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның 30 мыңына сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, қамауда отыр.93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеге жабылған. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.Алдын ала мәлімет бойынша 14 мыңнан астам адам рақымшылыққа ілігеді.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16477655_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_e93fc041c6172e17496b4ec8eae2533f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
амнистия, қасым-жомарт тоқаев, тәуелсіздік күні
амнистия, қасым-жомарт тоқаев, тәуелсіздік күні
Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
16:25 07.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Рақымшылық Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойына орай жасалып отыр. 14 мың тұтқын бостандыққа шығуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Заңның мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту.
Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.
Ауыр және аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға барған адамдар рақымшылыққа ілікпейді.
Қазір республикада 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның 30 мыңына сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, қамауда отыр.
93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеге жабылған. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.
Алдын ала мәлімет бойынша 14 мыңнан астам адам рақымшылыққа ілігеді.