Қоғам

Қазақстанда төрт жаңа колония салынады

© Fotolia/Nightman1965Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Министр жаңа колонияларды салу кезінде халықаралық ұйымдар мен жұртшылықтың таллаптары ескерілетініне сендірді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев заманауи типті төрт жаңа колония салынатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жұмыс министрлік мемлекеттік-жекеменшік серіктістік желісі бойынша жүзеге асыратын үлкен жоба аясында өткізіледі.

"Алдағы үш жылда біз үш облыста бір жарым мың орындық жаңа типті төрт колония салуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде халықаралық ұйымдар мен жұртшылық талап ететін бүкіл норма сақталады", - деп мәлімдеді министр мәжіліс кулуарында.

Қазір Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда. 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.

Оқи отырыңыз: 

Рақымшылық жасалады: қанша адам түрмеден шығатыны белгілі болды

Ішкі істер министрі төрт бірдей басшыны ауыстырды

Жаңалықтар
0