Әлем

Ресейді SWIFT жүйесінен ажырата ма

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуЗдание Министерства внутренних дел Российской Федерации (МВД РФ) на Житной улице в Москве
Здание Министерства внутренних дел Российской Федерации (МВД РФ) на Житной улице в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Жазылу
АҚШ пен Еуроодақ Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратуы екіталай. Себебі таразының бір басында әлем экономикасы тұр
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату туралы жыл сайын қайталанып отырған қоқан-лоқы қаржы нарығындағы ең қатаң әдістердің бірі секілді қабылданады. Себебі ол халықаралық есеп айырысуды күрделендіреді.
Ірі сауда серіктесін оқшаулау әлем экономикасына соққы болады. Ең басты сес көрсетуді не себепті бәрібір жүзеге асырмайтыны және Ресейде бұл жүйенің аналогы бар-жоғы туралы РИА Новости толығырақ жазды.
Бұл жолы осы мәселені украин YouTube-арнасында Ян Южезинский қозғады. Америкалық сыртқы саясаттың басты идеологы Збигнев Бжезинскийдің ұлы 2001-2005 жылдары қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары қызметін атқарды. Ал қазір сарапшы қызметіне кіріскен.
Бірақ отставкадағы шенеунік Виктория Нуландтың айтқанын қайталады. Мемлекеттік хатшының орынбасары Украинаға басып кірген жағдайда, АҚШ Ресейді әлемдің қаржы жүйесінен толық оқшаулау мәселесін өз одақтастарымен талқылап жатқанын мәлімдеді.
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Әлем
Ресей НАТО қаруының шығысқа қарай ығысуына кедергі болмақ
Біраз бұрын дәл осы мәселені CNN телеарнасы көтерді: есімін құпия сақтауды қалаған азамат мұны "ақырғы шара" деп атаған. Владимир Путин мен Джозеф Байденнің онлайн-кездесуі қарсаңында Bloomberg агенттігі де осы тақырып жайын қозғады.
Алғаш рет жеті жыл бұрын айтылған доңайбат медиа кеңістікте жиі пайда болып тұрады. Мысалы, сәуірде Еуропарламент сәйкес үндеуі бар резолюцияны қабылдап, "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысын аяқтаудан бас тартуға шақырды.
Маусымда Мемлекеттік Думада сөз сөйлеген SWIFT Ресейлік Ұлттық Қауымдастығының атқарушы директоры Роман Чернов "Бізді ажыратайын деп жатқан жоқ. Бұл ешкімге тиімді емес" деген мәлімдеме жасады. Ресей маңызды халықаралық сауда серіктесі болғандықтан, бұл сыртқы өзара әрекеттестік аясында тіпті тиімсіз болады.
SWIFT – ақпарат алмасу және транзакцияларға арналған банк аралық жүйе. Ол 1973 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір бұл жүйеге әлемнің 220 еліндегі 11 мың кредиттік ұйымы, оның ішінде мыңға жуық корпорация қосылған. Орташа айналым күніне шамамен 32 миллион хабарламаны құрайды.
Вывоз ракеты-носителя с ТПК Союз МС-19 на стартовую площадку - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Отыз жылда Ресей әскери күші қалай өзгерді
Осы жүйеден ажырату ең ақырғы шара болады. Бұл валютаға қатысы бар кез келген салаға әсер етеді. Бәрінен бұрын қаржы секторы мен экспорт зардап шегеді. Шикізат жеткізгені үшін есеп айырысу қиындай түседі.
"Сауда қарым-қатынасына қатысушылар басқа шешу жолдарын іздеуге мәжбүр болады. Қосымша транзакциялық шығындар рубльді міндетті түрде әлсіретеді", - деп түсіндірді Wolfline Capital басқарушы серіктесі Никита Долгий.
Ұлттық валюта он процентке дейін арзандауы мүмкін.
Ресейлік активтерден бас тартуға тырысатын шетелдік инвесторлардың ығысуы салдарынан қор нарығы да тұралап қалады. Ал бұл корпоративті және құнды қағаздарды басқаратын банктер үшін шығынға айналады.
Бірақ АҚШ пен Еуроодақ Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратуы екіталай. Себебі таразының бір басында әлем экономикасы тұр. Бұл Ресей ресурсына үміт артып отырған батыс елдеріне де соққы болады, дейді Бюджет және қаржы нарығы жөніндегі Федерация кеңесінің комитет мүшесі Василий Иконников.
Ресей халықаралық сауда айналымымен тығыз байланысты. "Еуропа да, Америка да ресейлік тараппен сыртқы экономикалық төлемдерді күрт тоқтатуға дайын емес", - дейді ANIF инвестициялық қоры Ресейдегі өкілдігінің басшысы Сергей Григорян.
Осылайша, қаңтар-шілде аралығында АҚШ пен Ресей арасындағы тауар айналымы рекордтық 19,8 миллиард долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 процентке артық, деді Никита Долгий.
Негізінен Ресей мұхиттың арғы бетіне металл мен шикізат жөнелтеді. Ал америкалықтар автомобиль, электроника, пилотсыз ұшатын аппараттарды экспорттайды.
Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Әлем
Пентагон Ресей шекарасында не істеп жүр
Бір қызығы, SWIFT - бұл Бельгия құзыретіндегі кооперативтік қауымдастық. Ресми түрде жүйе тәуелсіз жеке қаржы институттарына тиесілі. "Сондықтан Вашингтонның халықаралық сервистен кімнің ажыратылатынын және кімнің қосылатынын бұйыруға құқығы жоқ», - деді TeleTrade ақпараттық-талдау орталығының жетекші экономисі Петр Пушкарев.
Бірақ 2012 жылы Иран, 2017 жылы Солтүстік Корея осы жүйеден ажыратылған болатын. Әйткенмен Ресей жаһандық экономикаға әлдеқайда тереңірек интеграцияланғанын да ескеру керек. "Бізді жайдан-жай сыртқа итеріп тастауға болмайды. Әсіресе пандемия кезінде. Мұның да экономикаға кезекті ауқымды ықпалы болуы мүмкін", - дейді Сергей Григорян.
Ең алдымен экспорт үшін төлемдерде қиындықтар туындайтындықтан еуропалық кәсіпорындар зардап шегеді.
Егер америкалықтар көздеген жүзеге асырып, Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратты деп елестетсек, онда одан шығатын екі жол бар. Біріншісі – банктер екі жақты төлемдерге көшеді. Кредиттік ұйымдар корреспонденттік есепшот арқылы онлайн-транзакциялар жүргізе алады.
Тағы бір нрұсқа – ұмыт бола бастаған ескі әдіске қайта көшеді. 2005 жылға дейін шетелге бағытталған ресейлік төлемдердің басым бөлігі Telex банкаралық жүйесі арқылы өтті, дейді Петр Пушкарев. "Ол резервтік жүйе ретінде сақталып отыр. 2014 жылдың қыркүйегінде Орталық банк стресс-тестілеу жүргізгенде жүйе өте сенімді платформа болып шықты. Иә, Telex жүйесінде банкаралық комиссиялары жоғары, ал жылдамдығы төмен. Контрагент елдердегі процестерді қалпына келтіру уақытты қажет етеді. Бірақ жалпы мұны ісе асыру әбден мүмкін", - дейді экономист.
Екінші сценарий – отандық аналогқа көшу. Саяси қауіпті ескеріп, Мәскеу мұндай балама жүйені әзірлеп те қойды.
Архивное фото истребителя Су-27 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Ресей мен Қытай арандатушыларға қарсы әрекет етпек 
Орталық банк өзінің ақпараттық базасы негізінде Қаржылық хабарламалар жолдау жүйесін (ҚХЖЖ) іске қосты. "Басты міндет - ел ішінде банктердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ SWIFT форматында хабарлама жіберу мүмкіндігі қарастырылып жатыр ", - дейді Сергей Григорян.
Қаржылық хабарламалар жолдау жүйесі 331 кредиттік ұйымның басын біріктіріп тұр. Негізінен олар ресейлік болғанымен, Белоруссия, Қырғызстан, Қазақстан, Армения, Тәжікстан сынды посткеңестік елдер мен Куба да бар.
Жүйеге кейбір шетелдік банктердің бөлімшелері де тіркелген. Қаржылық хабарламалар жолдау жүйесі біршама деңгейде негативті салдарды жоя алады. Халықаралық транзакциялар үшін тек SWIFT қолайлы және оның баламасы жоқ.
Басты мәселе – бұл жүйеден қандай банктер ажыратылады: тек мемлекеттік пе, әлде жекеменшік пе? Ресейде жұмыс істейтін шетелдік банктердің тағдыры не болатыны белгісіз. Бірақ бір нәрсе анық: мұндай санкциялық құрал нарықтағылардың барлығына бірдей әсер етеді. Әлем коронавирус дағдарысынан еңсені көтере алмай жатқан шақта бұл тиімсіз шешім болады.
Жаңалықтар
0