Отыз жылда Ресей әскери күші қалай өзгерді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВывоз ракеты-носителя с ТПК "Союз МС-19" на стартовую площадку
Вывоз ракеты-носителя с ТПК Союз МС-19 на стартовую площадку - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдің әскери әлеуеті күшейе түсті. Күні кеше қорғаныс министрі Сергей Шойгу үш жылдың ішінде әскерге 20 мыңнан астам негізгі қару-жарақ үлгілері жеткізілгенін мәлімдеді

Мемлекеттік бағдарлама аясында екі миллионға жуық техника шығарылды. Қазіргі кезде әскери роботтардың сериялы өндірісі басталды. Алдағы уақытта НАТО-ның белсенді іс-қимылына байланысты ядролық күштердің дайындығын жоғары деңгейде ұстауға басымдық беріледі.

2033 жылға дейінгі жаңа қару-жарақ бағдарламасы аясында жоғары технологияларды жан-жақты дамыту қарастырылған. Соның ішінде гипердыбыстық зымырандар, қуатты лазерлер мен роботтехникалық кешендер бар. Жасанды интеллектінің өзіне 22 триллион рубль салу жоспарланған. Ресей "Сириус" немесе "Посейдон" сияқты автономды түрде жұмыс істейтін және өздігімен шешім қабылдайтын әскери жүйелерді жасауды көздейді.

Атомная подводная лодка Северного флота «Северодвинск» - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
"Посейдон" Тынық мұхитқа шығуға дайындалып жатыр

Қару-жарақ саласына құйылатын қыруар қаржы ақталып отыр. Мәселен, 2021 жылда Ресей Федерациясы 10 миллиард доллардың қару-жарақ келісімшарттарын рәсімдеді. Алдағы уақытта халықаралық нарыққа әуе техникасы мен әуе-қорғаныс жүйесінің 50-ге жуық жаңа үлгісін шығару жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде жоғары технологиялық қару-жарақ аз емес.

"Тундра" талдырады

25 қарашада Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған "Союзом-2.1Б" зымыран тасығышы "Тундра" әскери жер серігін орбитаға шығарды. Осымен "Союздар" биыл бесінші рет әскери мақсатты сәтті орындап отыр.

"Тундра" жерден және судан ұшырылған құрлықаралық баллистикалық зымырандарды анықтап қана қоймай, баллистикалық траекториясын да есептей алады. Сөйтіп, нысанаға алынған ықтимал аймақтарды алдын ала білуге мүмкіндік бар. Жаңа технология "Око" аппараттарының орнына келіп отыр. Осы спутниктік жүйе АҚШ құрлықтық бөлігін бақылайтын.

Қазіргі жоспарға сәйкес, 2022 жылы орбиталық топқа "Тундраның" 10 аппараты болады. Соның бәрін Серпухова-15 кентіндегі зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесінің орталық команда пунткінен басқарылады.

15 қараша күні өткен сынақтар кезінде ресейлік әскерилер спутниктік қару-жараққа қарсы зымыранмен кеңес заманынан қалған "Космос-1408" жерсерігін атып түсірді. Ол жерден 500 шақырым биіктікте ұшып жүрген. Пентагон мен НАТО өз алаңдаушылық жасырған жоқ. Олар осындай қару-жарақтың GPS-навигацияның 32 жер серігін жоя алатынын біледі. Сол кезде АҚШ пен НАТО-ның ұшақтары да, зымырандары да, кемелері де соқыр болып қалады.

"Цирконның" соққысы қатты

Биыл жоғары дәлдігі бар "Циркон" гипердыбыстық зымыранның барлық сынағы сәтті өтті. Оны кемеден де, сүңгуір қайықтан да ұшырған. Сол кезде "Циркон" теңіздегі және жағалаудағы нысандардың бәрін төрт минуттың ішінде жойды. Оның жылдамдығы – сағатына 10 мың шақырым, ал қашықтығы – 1 000 шақырым. Бұл зымыран көзге көрінбейді. Алдыңғы қатарлы әуе-қорғаныс жүйесі болсын, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі болсын, оны ұстай алмайды. Келесі жылы "Циркон" Ресейдің әскери-теңіз флотына тапсырылады.

Жаңа зымыранның соққысы қатты. Конвенциялық жойғыш бөлігі бар бір "Циркон" әуе тасығыш кемесінің быт-шытын шығара алады. Құрлықтағы нысанды да жоқ қылады. Бүгінде осы гипердыбыстық зымыранға пара-пар келетін қару-жарақ жоқ.

"Терминатор" мен "Армата"

Осы айда танкілерді қолдауға арналған "Терминатор" әскері машинасының 10 данасы Орталық әскери округтың 90-шы танк дивизиясының қатарына қосылады. Ол Т-72-нің негізінде жасалған. Конструкторлар Сириядағы тәжірибені де ескерді.

"Терминатор" – маневрлік қабілеті жоғары әрі қуатты қару-жарағы бар шынжыр табанды техника. Оқ атудың заманауи жүйесі де қарастырылған. Ол 6 шақырым шалғай жерде жүрген танкілер мен брондалған машиналарды жоя алады. Төмен ұшатын әскери техниканы атып түсіруге қабілеті бар. Негізгі қару-жарақтары:

  • танкілерге қарсы "Атака-Т" зымыран кешені (төрт зымыран);
  • екі 30-миллиметрлік автоматтандырылған 2А42 маркалы зеңбірек;
  • екі АГ-17Д граната атқышы;
  • 7,62-мм оқшашар.

"Терминатордың" экипажы бес адамнан тұрады.

Ресейдің қорғаныс министрлігі Т-14 "Армата" танкінің сынақтары аяқталып қалғанын мәлімдеді. Соның ішінде Сирия жеріндегі жауынгерлік әрекеттер де бар. Келесі жылы жаңа машина әскерге таратылады.

Бұған дейін әскерге өндірістік сынаққа арналған Т-14-тің 20 танкісі жіберілген болатын. Мамандардың айтуынша, "Арматаның" тиімділігі басқа танкілерден 30 процентке артық. 125-миллиметрлік зеңбіректің өзі кез келген танкілік қару-жарақтан асып түседі. Жаңа танкіде 120-миллиметрлік "Леопарда-2А6" жүйесі де бар. Соның көмегімен "Армата" жүріп келе жатқанда минутына 12 рет оқ ата алады. Ал оптикасы күндіз 5 000 метр, ал түнде 3 500 метр шалғай жерде тұрған нысанды көрсете алады. Танк массасы – 48 тонна. Жылдамдығы – сағатына 90 шақырым.

Танк Т-14 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2020
Экспортқа шыққан "Армата" кімге бұйырады?

"Арматаның" экипажы үш адамнан тұрады. Барлығы брондалған капсулада отырады. Осы конструкторлық шешімнің пайдасы зор. Танкінің мұнарасына оқ тисе де, танкистер аман қалады. Оқ-дәрілер жарылған күннің өзінде экипажға ештеңе болмайды.

Болашақта "Арматаға" қашықтан басқару жүйесі орнатылады. Сонда экипаж да отырмайды. Бүгінде ресейлік әскерге Т-14-тің 2 300 данасы қажет. Бұл танк техника XXI ғасырдың ортасына дейін әлемдегі озық әскери техника болып қала береді.

"Орион" мен "Альтиус"

Қазіргі кезде Ресейдің қарулы күштерінде 2 000 ұшқышсыз аппарат бар. Осы жылдың аяғына дейін тағы 18 дрон жеткізіледі.

"Орион" – Ресей Федерациясының алғашқы соққы жасайтын барлаушы ұшқышсыз аппараты. Ол MALE (Medium-altitude long-endurance) элиталық санатқа жатады. Ұшу салмағы – 1 тонна, әскери жүктемесі – 200 келі, жылдамдығы – сағатына 200 шақырым. "Орион" 24 сағат бойы тоқтамай ұша алады. Бұл аппаратты спутниктік байланыс жүйесіне де қосуға мүмкіндік бар. Сөйтіп, жер-жаһанның кез келген нүктесінен басқарып отыруға болады. Қару-жарақтың кез келген түрімен соққы жасай береді. Ауа-райына да қарамайды.

Стратегиялық  бомбардировщик-ракета жеткізуші Ту-95МС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Ресей әуеде тәулік бойы ұшатын әскери ұшақ дайындауға кірісті

15 мемлекет "Орионды" сатып алуға мүдделі. Болашақта жасанды интеллекттің енгізуімен осы аппарат та автономды түрде жұмыс істей алады.

Айта кетер жайт, биыл Ресей Dubai Airshow көрмесіне басқа да ұшқышсыз аппараттарды таныстырған. Соның ішінде "Сириус", "Гелиос-РЛД" мен "Гром" бар.

"Орионның" негізінде жасалған "Сириус" та қуатты қару-жараққа жатады. Ұшу салмағы – 5 тонна. Бұл ұшқышсыз аппарат 40 сағаты бойы ұшып, 10 мың шақырымды еңсере алады. Алдағы уақытты оны спутниктік басқару жүйесіне қосу жоспарланып отыр.

Ал "Альтиус-РУ"-дың ұшу уақыты - 76 сағат. Осы ұшқышсыз аппарат өздігімен шешім қабылдап, оқ жаудыра береді. 2022 жылы Ресейлік әскери ғарыш күштері "Альтиус" 18 жаңа үлгісін алады. Артынан тағы 50 машина жеткізіледі.

Ресей соққы және барлау жасайтын ұшқышсыз аппараттар нарығының 10 процентін игеруге мүдделі.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасына жазылыңыз.

Жаңалықтар
0