Экспортқа шыққан "Армата" кімге бұйырады?

© Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуТанк Т-14
Танк Т-14 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдегі әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметтің директоры Дмитрий Шугаев 6 шілде күні Мәскеу "Армата" Т-14 жаңа танктерін экспорттауға ниетті екенін мәлімдеді

Айта кету керек, бұл соғыстан кейінгі кезеңде пайда болған әлемдегі жалғыз танк. Ресей қорғаныс министрлігінің өзі әзірше ерекше бронь техникасының (Т-14 танктері және жаяу әскерге арналған "Армата" платформасындағы Т-15 ауыр әскери машиналар) 132 данасына келісімшарт жасасты. Тапсырыс 2021 жылдың аяғында орындалады деп күтілуде. Шетелге сатылымға шығару РФ қорғаныс министрлігінің тапсырысын орындағаннан кейін және машинаның сыртқы бейнесін (мамандар шетелге нені жіберетінін және қай элементтер тек ресейлік әскермен қолданылатынын шешіп жатыр) бекіткеннен кейін басталады.

Бронетранспортер (БТР) «Барыс» - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Алты БТР барды": Нұр-Сұлтаннан әскери техника не үшін шығарылғаны айтылды
Жоғары технологиялық танк арзан тұрмайды. Бағасы 1 дана үшін 7 млн долларға дейінгі соманы құрайды. Соған қарамастан, Мысыр, Үндістан және Қытайдың "Арматаға" аңсары ауды (алдын ала өтінімдер түсті). Ал танымал шетелдік танктер – америкалық "Абрамс", француздардың "Леклерк", немістердің "Лепард", израильдік "Меркава" 6-12 млн доллар арасында тұрады.

Бұған дейін Мысыр Т-90МС ресейлік танктің 400-500 данасына тапсырыс бермек болған. Енді, болашақта мысырлықтардан Т-14 танкісіне тапсырыс түсуі ықтимал. Үндістан "Арматаны" қарастыра отырып, 1770-ке дейін заманауи танктер сатып алуды жоспарлап отыр. Келісімшарт сомасы алдын ала 442 миллиард рубльге бағалануда. Қытайдың да бұл мәселеде шетте қалмасы анық.

Ресейлік су жаңа танктің таяу шығысқа экспортының көлемі әзірше белгіленбеген. Сөз жоқ, Т-14 ТМД елдерінің қорғаныс қабілетін арттыруға ықпал етеді. Бұған дейін ресейлік броньдау техникасын Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Өзбекстан белсенді сатып алып келді.

"Ресей қорғаныс экспорты" портфелінде бүгінде 55 миллиард долларға тапсырыс бар (АҚШ-тан кейінгі екінші орында). Ресейлік қару-жарақ экспортының шамамен 15%-і жаяу әскер техникасына арналған. РФ танктер нарығында әлем мойындаған көшбасшысына айналды.

Батыста Т-90 танкісін "ресейлік қорғаныс экспортының жайпауыш хиті" деп бекер атаған жоқ. Алдағы жылдары "Оралвагонзауыт" тапсырыс берушілерге шамамен 2500 Т-90 МС танкісін жөнелтеді. Жаңа Т-14 экспорттық жеңістер дәстүрін сәтті жалғастырушы болмақ.

Т-14 қарсыласпен тікелей жанасу кезіндегі ұрыс, мотоатқыштар бөлімшелерінің шабуылдарын қолдау, жабық және ашық жерлерде орналасқан фортификациялық нысандарды және қарсыластың әскерін жоюға арналған. "Армата" танкі Сирия Араб Республикасының аумағындағы соғыс жағдайында тексеруден өткен. Ал, шілде айының басында пилотсыз ұшу режиміндегі сынақтан сәтті өтті.

Команда Казахстана заняла третье место в Танковом биатлоне - Sputnik Қазақстан
Видео
Халықаралық армия ойындары-2019: "Танк биатлонының" финалы - видео
Ерекше соғыс машинасының адамсыз басқарылатын мұнарасы, экипажға арналған бронь капсуласы, 125 мм калибрлі қаруы (120 мм НАТО зеңбіректерінен басым), модульдік конструкциясы және роботтандырудың негізі болатын ашық циярлық архитектурасы бар. Келешекте электр магниттік зеңбіректері бар экипажсыз танктер дәуірі жүретіні анық. Дәл осылар Ресейде дайындалып жатыр.

Т-14 танкінде бағыттаушы оператор мен танк командирі қаруландыруды цифрлық интерфейстер арқылы басқарып отырады. Танктің оқ-дәрі қуатының негізін 2А82-1М жоғарылатылған қуатты тегіс ұңғылы зеңбірек құрайды. Оның эшелондырылған қорғаныс жүйесін "Афганит" белсенді қорғаныс кешені құрайды. Бұл танкке қарсы реактивті және зымырандық қару-жарақпен және броньға қарсы калибрасты снарядтармен соғысуға қауқарлы әлемдегі жалғыз жүйе. Сондай-ақ, танкі бағыттаудың түрлі жүйесі бар қару-жарақты автоматты жеткізу жүйесімен және "Малахит" қарқынды қорғаныс кешенімен жабдықталған.

"Армата" – жаңа конструкцияда жасалған әлемдегі алғашқы танк және оған барлық электр магниттік спектрдегі көзге түсу дәрежесін бәсеңдетудің "стелс технологиясы" бірінші болып орнатылды. Машина біріктірілген борттық ақпараттық басқару жүйесімен (БАБЖ) жабдықталған. Ол басқа да басқарушы жүйелермен ықпалдасып әрекет жасауға мүмкіндік береді. Яғни, соғыс алаңындағы Т-14 әрбір экипажы өз бетінше әрекет етпейді. Олар тактикалық топтың бірыңғай басқару жүйесіне кіріктірілген.

Т-14 құрылысына ұқсас танк идеясын жетекші елдердің мамандары екі онжылдықта жүзеге асыра алмай келеді. Ілгерілеу бар. Бірақ, дайын өнімді тек Ресей ұсына алып отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, АҚШ Future Ground Combat System біріктірілген шынжырлы платформаны әзірлеп қана отыр. Ал, адам отырмайтындай етіп жасалған "Страйкер" дөңгелекті броньдау машинасы танкке жатпайды.

Жаңалықтар
0