https://sputnik.kz/20211210/Kredit-rakymshylyk-resmi-zhauap-18876261.html
Кредиттік рақымшылық сұраған азаматтардың өтініші қарала ма – ресми жауап
Кредиттік рақымшылық сұраған азаматтардың өтініші қарала ма – ресми жауап
Sputnik Қазақстан
Қаржы нарығын реттеу агенттігі кредиттік рақымшылық талап еткен азаматтар қандай шарадан үміттене алатынын түсіндірді 10.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-10T15:31+0500
2021-12-10T15:31+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
кредит
амнистия
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18865581_0:59:2735:1606_1920x0_80_0_0_fc786fdccc61332089b0a5191c09651d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Дмитрий Акмаев ипотекалық және тұтынушылық кредиттерді жауып беруді талап еткен қазақстандықтардың агенттікке жолдаған өтініштері қарастырыла ма деген сұраққа жауап берді. Акмаевтың айтуынша, агенттік мемлекеттік орган болғандықтан, азаматтардың өтініштерін қабылдауға тиіс. Алайда ол ешқандай кредиттік рақымшылық болмағанын және болмайтынын тағы еске салды."Қазір өтініштер банктер мен микрокредиттік ұйымдар арасында бөлініп, кредит берушілерге жіберіледі. Бізге хат жолдаған барлық азаматтар бұл мәселені алдымен кредит берушімен шешіп алуы керек. Яғни, егер олардың қаржылық жағдайы нашарлаған болса, олар бұл туралы дәлел ұсынуы керек. Ал кредит беруші олардың өтінішін қарап, қарыздың құрылымын өзгерту, проценттік мөлшерлемені төмендету, қайта қаржыландыру мәселелерін қарауы керек, яғни қарыз жүктемесін қалай да төмендету бойынша шаралар ұсынуға міндетті. Бірақ, тағы қайталап айтамын, бұл қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда ғана қарастырылады", - деді Дмитрий Акмаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.Ол расында да проблемасы бар қарыз алушылармен ғана жұмыс жасалатынын және бұл қарыз мәселелерін сотқа дейінгі деңгейде шешу үшін қажет екенін айтты.Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселені қарастыратын соңғы сатыдағы мекеме."Егер шынайы проблема болса, кредит беруші онымен бірге сол мәселені қарастырады. Кредитормен мәміле жасалса, содан кейін біз реттеуші ретінде осы іске араласып, қарыз алушының қаржылық жағдайын зерттейміз, кредитордың іс-әрекетінің заңға сәйкестігіне талдау жүргіземіз. Егер қабылданған шара жеткіліксіз болса, онда "Қарыз алушының қаржылық жағдайын жақсарту және оның қарызын реттеу бойынша шара қолдануды сұраймыз" деген өтініш хат жолдаймыз. Ал егер кредит беруші барлығын дұрыс орындаса, біз сол шешімді растаймыз. Егер біз араласқаннан кейін де қос тарап мәмілеге келмесе, онда іс сот қарауына жіберіледі", - деп нақтылады Акмаев.Оның айтуынша, қазақстандықтар агенттікке хат жолдауын әлі тоқтатқан жоқ. Алайда қарқын кешегіден бәсеңдеген."Бұл дүрбелең қолдан жасалғаны түсінікті. Оған кредиттік рақымшылық туралы жалған ақпарат себепші болды. Қазір кредиттік рақымшылық туралы еш мәселе қозғалып жатқан жоқ. Бұл дұрыс түсіндірілмеген ақпарат болып отыр. Осы жылы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының жұмысы тоқтайды. Қазір әлеуметтік осал топтардың ипотекалық қарыздарына арналған үшінші кезең аяқталып жатыр. Мұндай азаматтардың саны аса көп емес – сегіз мыңнан астам. Ал шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқан қоғам белсенділері бұл шара барлық азамат пен барлық қарызға арналған деп атап көрсеткен", - дейді Дмитрий Акмаев.Еске салсақ, күні кеше Алматыда кредиттік рақымшылық туралы хабарлама алған 250-ге жуық адам Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына келіп, өздерінің ипотекалық және тұтынушылық кредиттерін жабуды талап еткен.Осыған байланысты қаржылық реттеуші адамдардың ғимаратқа кіруін шектеп, далаға өтініштерді қабылдауға арналған жәшік орналастырды. Бірқатар өтініш агенттік өкілдігіне тапсырылғаннан кейін адамдар тарай бастады.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18865581_0:0:2735:1720_1920x0_80_0_0_0697a46a58b3e139706cca2ade70c0ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, амнистия
Кредиттік рақымшылық сұраған азаматтардың өтініші қарала ма – ресми жауап
15:31 10.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қаржы нарығын реттеу агенттігі кредиттік рақымшылық талап еткен азаматтар қандай шарадан үміттене алатынын түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Дмитрий Акмаев ипотекалық және тұтынушылық кредиттерді жауып беруді талап еткен қазақстандықтардың агенттікке жолдаған өтініштері қарастырыла ма деген сұраққа жауап берді.
Акмаевтың айтуынша, агенттік мемлекеттік орган болғандықтан, азаматтардың өтініштерін қабылдауға тиіс. Алайда ол ешқандай кредиттік рақымшылық болмағанын және болмайтынын тағы еске салды.
"Қазір өтініштер банктер мен микрокредиттік ұйымдар арасында бөлініп, кредит берушілерге жіберіледі. Бізге хат жолдаған барлық азаматтар бұл мәселені алдымен кредит берушімен шешіп алуы керек. Яғни, егер олардың қаржылық жағдайы нашарлаған болса, олар бұл туралы дәлел ұсынуы керек. Ал кредит беруші олардың өтінішін қарап, қарыздың құрылымын өзгерту, проценттік мөлшерлемені төмендету, қайта қаржыландыру мәселелерін қарауы керек, яғни қарыз жүктемесін қалай да төмендету бойынша шаралар ұсынуға міндетті. Бірақ, тағы қайталап айтамын, бұл қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда ғана қарастырылады", - деді Дмитрий Акмаев
Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Ол расында да проблемасы бар қарыз алушылармен ғана жұмыс жасалатынын және бұл қарыз мәселелерін сотқа дейінгі деңгейде шешу үшін қажет екенін айтты.
Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселені қарастыратын соңғы сатыдағы мекеме.
"Егер шынайы проблема болса, кредит беруші онымен бірге сол мәселені қарастырады. Кредитормен мәміле жасалса, содан кейін біз реттеуші ретінде осы іске араласып, қарыз алушының қаржылық жағдайын зерттейміз, кредитордың іс-әрекетінің заңға сәйкестігіне талдау жүргіземіз. Егер қабылданған шара жеткіліксіз болса, онда "Қарыз алушының қаржылық жағдайын жақсарту және оның қарызын реттеу бойынша шара қолдануды сұраймыз" деген өтініш хат жолдаймыз. Ал егер кредит беруші барлығын дұрыс орындаса, біз сол шешімді растаймыз. Егер біз араласқаннан кейін де қос тарап мәмілеге келмесе, онда іс сот қарауына жіберіледі", - деп нақтылады Акмаев.
Оның айтуынша, қазақстандықтар агенттікке хат жолдауын әлі тоқтатқан жоқ. Алайда қарқын кешегіден бәсеңдеген.
"Бұл дүрбелең қолдан жасалғаны түсінікті. Оған кредиттік рақымшылық туралы жалған ақпарат себепші болды. Қазір кредиттік рақымшылық туралы еш мәселе қозғалып жатқан жоқ. Бұл дұрыс түсіндірілмеген ақпарат болып отыр. Осы жылы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының жұмысы тоқтайды. Қазір әлеуметтік осал топтардың ипотекалық қарыздарына арналған үшінші кезең аяқталып жатыр. Мұндай азаматтардың саны аса көп емес – сегіз мыңнан астам. Ал шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқан қоғам белсенділері бұл шара барлық азамат пен барлық қарызға арналған деп атап көрсеткен", - дейді Дмитрий Акмаев.
Еске салсақ, күні кеше Алматыда кредиттік рақымшылық туралы хабарлама алған 250-ге жуық адам Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына келіп, өздерінің ипотекалық және тұтынушылық кредиттерін жабуды талап еткен.
Осыған байланысты қаржылық реттеуші адамдардың ғимаратқа кіруін шектеп, далаға өтініштерді қабылдауға арналған жәшік орналастырды. Бірқатар өтініш агенттік өкілдігіне тапсырылғаннан кейін адамдар тарай бастады.