https://sputnik.kz/20211208/ulttyk-khalyk-sanagy-18852034.html
Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі жарияланды
Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T09:45+0500
2021-12-08T09:45+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
асқар мамин
халық санағы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1d/18261129_0:0:2998:1686_1920x0_80_0_0_963feda23e160ca1d854ca82c33283d8.jpg
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды.Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер.Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97%-і – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18%-ке жеткен.Халықтың 59,05%-і, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.Халық санағы – 2021 Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде халық санағы үшінші рет өткізілді. 1 қыркүйекте басталған биылғы санақтың ерекшелігі – шарада алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылады.Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-і өткенін, жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылғанын мәлімдеді.Оның сөзінше, санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесінде шығады жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жарияланады.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1d/18261129_11:0:2259:1686_1920x0_80_0_0_041d53477ec3ff6c51591196892625ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асқар мамин, халық санағы
асқар мамин, халық санағы
Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі жарияланды
09:45 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды.
Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97%-і – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18%-ке жеткен.
Халықтың 59,05%-і, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.
Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде халық санағы үшінші рет өткізілді. 1 қыркүйекте басталған биылғы санақтың ерекшелігі – шарада алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылады.
Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-і өткенін, жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылғанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесінде шығады жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жарияланады.