Қоғам

Қазақстандықтар атынан санақтан басқа адамдар өтіп жатыр ма

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная перепись населения в Казахстане 2021
Национальная перепись населения в Казахстане 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Бұған дейін Telegram арнаның бірінде квазимемлекеттік сектор қызметкерлері басқа адамдардың орнына онлайн санақтан өтуге мәжбүр екені туралы хабарлама жарияланды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтар атынан санақтан квазимемлекеттік сектор қызметкерлері өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілерде адамдардан басқа азаматтардың орнына санақ сұрақтарына жауап беруді сұрап жатыр деген ақпарат тарады. Ұлттық статистика бюросы тарапынан мұндай талап қойылмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Осындай фактілер анықталса, sanaq.gov.kz сайтында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Ведомство азаматтардың жеке дерегі құпия сақталатынына елдің заңнамасы негізінде кепілдік берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ азаматтардың өтініші бойынша бюро онлайн санақ мерзімін ұзартты. Бастапқыда ол тек 15 қазанға дейін қолжетімді болды, енді бұл уақыт 30 қазанға дейін ұзартылды.

Бұған дейін Telegram арнаның бірінде квазимемлекеттік сектор қызметкерлері басқа адамдардың орнына онлайн санақтан өтуге мәжбүр екені туралы хабарлама жарияланды.

Оларға жеке сәйкестендіру нөмірі, куәлік нөмірі, мекенжайы және басқа да жеке деректері жіберілетіні айтылған.

1 қыркүйектен 15 қазанға дейін онлайн санақ функциясын азаматтардың 40%-ке жуығы пайдаланған.

1 қазаннан бастап санақ жүргізушілер үй-үйді аралауды бастады және 5 938 259 адамнан сауалнама алды.

Жаңалықтар
0