Денсаулық

"Желтоқсанда бұйрық шығады": министр дәрігерлерге төленетін үстемеақы жайлы айтты

© REUTERS / Eric GaillardВрачи с пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи с пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Цойдың айтуынша, дәрігерлерге берілетін тұрақты төлемдер бюджетте бекітіліп қойған
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда қауіпті аурулармен жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемеақы төленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Цойдың айтуынша, дәрігерлерге берілетін тұрақты төлемдер бюджетте бекітіліп қойған. Үстемеақы тікелей қауіпті індеттермен жұмысқа жұмылдырылған ақхалаттыларға төленеді.
"Үстемеақы коронавирусқа байланып қалмайды, бұл егер инфекциялық агенттермен, мысалы менингит, конго қырым геморрагиялық қызбасы, тағы басқалармен жұмыс істесе. Инфекциялық аурулар ешқайда кетіп қалған жоқ қой. Олардың көбі коронавирустан да қауіпті", - деді Цой мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, үстемеақы алатын дәрігерлердің нақты тізімі бар.
"Ол жерде бәрі айқын жазылады. Біз әр санат бойынша кімге қанша төленетінін хабарлаймыз. Желтоқсан айында бұйрық шығып, толық ақпарат жария етіледі деп ойлаймын", - деді ол.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0