13:42 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (429)
74 0 0

Оларды пациенттермен жұмыс істемейтін жерге ауыстыруы мүмкін. Мұндай медицина қызметкерлері науқастарға жіберілмейді

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева ревакцинация жасатпаған медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцина алмаған, қандай да бір жеке себебі бойынша ревакцинация жасатқысы келмейтін дәрігерлер науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Егер дәрігерлердің вакцинадан бас тартуының нақты себебі, медициналық қарсы көрсетілімі болмаса немесе соңғы үш айда коронавируспен ауырмаса, онда олар науқастармен жұмыс істеуден шеттетіледі", - деп жауап берді ол.

Ол бұл ең дұрыс жол екенін мәлімдеді.

"Оларды пациенттермен жұмыс істемейтін жерге ауыстыруы мүмкін. Мысалы, статистика бөліміне көшіріледі", - деді Сұлтанғазиева.

Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілген болатын. Бұл вакцинаны қазірге дейін 3 714 адам салдырды. Қаладағы медициналық ұйымдарда, қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 132 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Оған 201 егу бригадасы, 756 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (429)

Тақырып бойынша

"Вакцинаның пайдасын кеш түсінеді": дәрігерлер жансақтау бөлімін көрсетті – видео
Алматыда Pfizer вакцинасын салдырғандарға қатысты ақпарат шықты
Қытайлар коронавирустың пайда болуына қатысты тағы бір болжам жасады
Алматы қашан "жасыл" аймақ талаптарына көшеді
Әбдіқалықова: Қызылорда облысы халқының 72,5%-і вакцинаның екі компонентін алды
Кілт сөздер:
вакцина, дәрігер, жұмыс
Загрузка...

Басты тақырып