13:51 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
82710

Тоғжанов ұсынған деректерге сүйенсек, осы жылдың 1 қаңтарынан  247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. 2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге бюджеттен 361 млрд теңге қаржы бөлінеді.

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл президент жолдауында белгіленген тапсырма аясында жүзеге асырылады.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауынын жүзеге асыру аясында 2020-2025 жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған", - дейді ол.

Тоғжанов ұсынған деректерге сүйенсек, осы жылдың 1 қаңтарынан  247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен. Соның ішінде, дәрігерлердің жалақысы 30 процентке (246,1 мыңнан 319,9 мың теңгеге), орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 процентке (144,6 мыңнан 173,5 мың теңгеге) артып отыр.

Вице-премьердің айтуынша, 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін ұлғайту жоспарланған.

Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы 557,4 млрд теңге көзделген.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
жалақы, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып