Өңірлер

Алматы облысында тұрғындарға қарулы шабуыл жасағандар ұсталды – видео

© PhotoГрабитель, кража, взлом
Грабитель, кража, взлом - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Олардың бұрын тонау, қарақшылық, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру және ұрлық үшін сотталғаны анықталды
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында үш ер адам тұрғындарға тапанша және пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлады Polisia.kz.
6-9 қараша аралығында Қарасай ауданы ішкі істер басқармасына үш жергілікті тұрғын жүгінген. Олар өздеріне қаруыл шабуыл жасалғанын айтқан.
Үш жағдайда шабуылдаушылар медициналық бетперде тағып, баскиім киіп, басын бүркеген. Олар түнде жалғыз жүрген адамдарға шабуыл жасаған, күш көрсетіп, зардап шеккендердің құны 330 мыңнан 840 мың теңгеге дейінгі қымбат ұялы телефондардын алып қойған.
Қылмыскерлер күміс түсті Hyundai Elantra автокөлігін мінген.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі (адамдар тобы жасаған қарулы қарақшылық) бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыскерлер Алматыда ұсталды.
Олардың бұрын тонау, қарақшылық, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру және ұрлық үшін сотталғаны анықталды.
Күдіктілерден пышақ, тапанша мен қолды болған үш телефон тәркіленді.
Күдіктілердің жалдамалы автокөлікте қозғалғаны белгілі болды.
Тергеу судьясы үш айыпталушыға олардың қылмыстық өткенін ескеріп, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0