14:13 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
316 0 0

Оқиға болған жерге барған тәртіп сақшылары 54 жастағы ер адамды ұстады. Одан 12-калибрлік мылтық тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Полиция 54 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол аңшылық мылтығын дүкен сатушысына кезеп, ішімдік талап еткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға Қарасай ауданында болған. Полицияға Алмалыбақ ауылында сыра дүкеніне қарулы шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға болған жерге барған тәртіп сақшылары 54 жастағы ер адамды ұстады. Одан 12-калибрлік мылтық тәркіленді.

Дүкен сатушысының айтуынша, белгісіз ер адам оны мылтықпен қорқытып, ішімдік талап еткен. Қызметкерлердің біреуі мылтықты жұлып алды. Бірақ ер адам шүріппені басып үлгерді. Абырой болғанда оқ қабырғаға тиіп, басқа жаққа ұшып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ.

"Мас күйінде болған ер адам жанжалға дейін сыра дүкеніне келген. Сол жерде бір сатушымен ұрсысып қалды. Одан кейін үйіне барып, аңшылық мылтығын алып шыққан", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық, атыс қаруын қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: 

Загрузка...

Басты тақырып