Тәлібтердің әскери-оқу жаттығуы Орталық Азия үшін қауіпті ме

© REUTERS / STRINGERБоец Талибана с автоматом M16 стоит у здания Министерства внутренних дел в Кабуле, Афганистан
Боец Талибана с автоматом M16 стоит у здания Министерства внутренних дел в Кабуле, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Шекара маңындағы Балх провинциясында тәлібтердің әскери-әуе күштері жүргізіп жатқан маневрлер Ауғанстандағы тәжік халқына қауіп төндіріп тұр және ол негізгі мемлекеттік қажеттілік емес. Бұл Орталық Азия елдері үшін де қиын жағдай тудыруы мүмкін
Ауғанстанның ауқымды әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық проблемаларына қарамастан тәлібтер соғыс авиациясын қалпына келтіріп жатыр. 29 қарашада Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекаралас Балх провинциясында "эмираттың" әскери-әуе күштерінің алғашқы оқу-жаттығуы өтті. Оған Ми-17 және MD-530F көпмақсатты тікұшақтары тартылды.
ӘӘК оқу-жаттығуы өтіп жатқан орын да кездейсоқ емес. Себебі осы провинциядағы жергілікті халық жаңа билікке мойынсұнбады, ал іргелес жатқан Тәжікстан Республикасы тәлібтерден инклюзивті билік құру мен Ауғанстан азаматтарының құқықтарын сақтауды қатаң талап етіп отыр.
Афганистан, женщины - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Әлем
Тәлібтер әйелдерге "ерлердің" лауазымында жұмыс істеуге тыйым салды
Осы оқиғаның аясында ӘӘК өкілі Амануддин Мансур елден қашып кеткен ауған ұшқыштарын қайта оралып, отанындағы жұмыстарын жалғастыруға шақырды. Балх провинциясындағы тәлібтердің қолбасшысы Атаулла Омари жаңа билік әскери-әуе күштерін Ауғанстанның кез-келген бөлігіндегі қарсылықтармен күресу үшін қолдануға дайын екенін жеткізді.
Уақытша қорғаныс министрлі молда Мұхаммед Якуб ешқандай шетелдік қолдауды қажет етпейтін әскери-әуе күштері құрылып жатқанын біраз бұрын мәлімдеген болатын. Әйткенмен бұл сөздер күдік тудырады. Себебі авиатехника өндірісі Ауғанстанда жоқ. Сондай-ақ елде ұшуға жарамды қанша әуе көлігі бар екені де белгісіз. Global Firepower рейтингінің ақпараты бойынша, 2021 жылдың басында ауған ӘӘК басқаруында 193 тікұшақ пен 77 ұшақ болатын.
Алайда билікке тәлібтер келгеннен кейін америкалық БАҚ шабуылдауға арналған EMB-314 Super Tucano турбиналы-бұрандалы 22 жеңіл тікұшағы, 4 тасымалдаушы C-130H Hercules, 24 жеңіл моторлы Cessna және 18 РС-12, 30 көпмақсатты Black Hawk тікұшағы, 6 Ми-35 тікұшағы мен Ми-17 тікұшағының 76 борты, сондай-ақ 41 соғысуға арналған MD-530F тікұшағы тәлібтердің қолында қалғанын жазды.
2021 жылдың шілдесінде Ауғанстан үкіметтік армиясында Ми-17В-5 тікұшағының 56 данасы болғаны, алайда соғысқа жарамдысы тек 32 машина екені белгілі болатын.
Люди выносят из мечети тела жертв и пострадавших от взрыва  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Кабулдағы теракт, Багландағы қақтығыс: биліктегі тәлібтер* қауқарсыз ба
Кабулдағы билік құлағаннан кейін 140 ауған ұшқышы РС-12 ұшақтары, Black Hawk пен Ми-17 тікұшақтарына мініп, өз жанұяларымен Өзбекстан және Тәжікстанға қарай қашып кетті. Бұл шамамен 585 адам және елуге жуық әуе машинасы. АҚШ оларға басқа мемлекеттерде бас сауғалап, тұрақты қоныс орнын табуға көмектесті.
Алайда ауған ұшқыштарының елге қайтуы екіталай. 1191 жылы Иракта да осы секілді жағдай болған: Ирак ӘӘК 130 ұшағы америкалықтардан қашып, көрші Иранның авиабазасын паналады. Нәтижесінде Тегеран қашықтыққа арналған нысандарды радиолокациялық анықтау кешендері бар Ил-76, Су-25К, Су-24МК, МиГ-29, Dassault Mirage F1 сынды техниканы иеленіп алды.
Ауған жеріндегі жаңа биліктің әскери-әуе күштері іргелес жатқан елдер мен қарсылық танытып, бас көтерген ауған азаматтары үшін қаншалықты қауіпті? Жарамды машиналар қоры бірнеше айға жетеді. Әсіресе біраз бұрын АҚШ-тан жеткізілген ресейлік өндіріске жататын Ми-17 тікұшақтары төзімді. Жанармай мен оқ-дәрі елде жеткілікті. Халықаралық нарықтан қажетті ұшқыш пен техниктерді жалдауға болады.
Тәлібтердің басқаруында жиырма ғана жарамды соғыс әуе көлігі болса да, бұл елдегі кез келген соғыс операциясына қолдау көрсету үшін жеткілікті болады. Ми-35 тікұшақтарының соққы қуатын елестету қиын емес. Елде азық-түлік тапшылығы бар болғанымен, соғыс әрекеттерін қаржыландыруға баса басымдық беріліп отыр. Ауғанстанда апиынды көкнәр алқаптары тұрақты валюталық түсімдердің көзі болып отырғанын да ескере кету керек. Сондықтан 2022—2023 жылдары тәлібтердің әскери-әуе күштері ықтимал қарсыластарға үлкен қауіп төндіреді.
Боевик Талибана* на улице афганского города - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Биліктегі жүз күн: бізге мұндай Ауғанстан қажет емес
Ауғанстандағы аухал әлі де мәз емес. 30 қарашада Кабулда Дар-уль-Аман ауданындағы мектепке жақын маңда жойқын жарылыс болды. Бұл Ауғанстандағы өзінің ықпалын жүргізуге тырысып жатқан ДАИШ* содырларының әрекетіне тым ұқсас. Шығыстағы Нангархар провинциясында ДАИШ пен тәлібтер арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Билікке келген тәлібтер үш айдың ішінде үкіметтік армияда қызмет еткен жүздеген әскериді сот-тергеусіз өлім жазасына кесті. Шетелдегі келіссөз алаңында әскери-діни қозғалысты қалай атаса да, Ауғанстандағы террор тоқтаған жоқ және халық қарсылығын тудырып отыр.
Күні кеше Ресей президенті Владимир Путин Еуропа банктеріндегі Ауғанстан қаражатының бұғаттауын алып тастауға және осы әрекет арқылы бейбіт халықтың гуманитарлық проблемасын шешуге шақырды. Әйтсе де РФ-мен оның Орталық Азиядағы одақтастары Пяндждан оңтүстікке қарай аумақта жағдайдың кез келген өрбуіне дайын отыр.
* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым
Жаңалықтар
0