Биліктегі жүз күн: бізге мұндай Ауғанстан қажет емес

© AFP 2024 / HOSHANG HASHIMIБоевик Талибана* на улице афганского города
Боевик Талибана* на улице афганского города - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
АҚШ пен НАТО әскерлерін Ауғанстаннан шығарғаннан кейін ешкім мойындамаған тәлібтер жақын көршілерінен елді трансформациялау үшін бейресми рұқсат алды

Оларға кедергі жасалмады, бірлескен экономикалық жобаларға назар аударылып, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетіле бастады.

Орталық Азиямен шекаралас елдер мен Ресей алдын ала белгіленген бағыттар бойынша жақсы нәтиже күтеді: инклюзивті үкіметті қалыптастыру, террористік қатерлерді азайту, әйелдердің теңдігі, есірткісіз экономика.

Тәлібтердің жаңа билігі алғашқы жүз күнде жақсы нәтиже көрсетпеді.

Ресей президенті Владимир Путин 18 қарашада Ауғанстандағы жағдай Ресей Федерациясының оңтүстік шекараларында қосымша қауіпсіздік шараларын және Орталық Азия одақтас мемлекеттеріне көмек көрсетуді талап етеді деп мәлімдеді. Босқындардың бақылаусыз легінің алдын алу, азаматтық бейбітшілікті орнатуға белсенді көмектесу, Ауғанстандағы террористік құрылымдарды және есірткі қылмысын бейтараптандыру сияқты басым бағыттарды атады.

Министр тәлібтермен* бірге түскен суретке қатысты түсініктеме берді

Сол күні БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя "15 тамыздан кейін Ауғанстанда қалыптасқан жағдай ауғандықтардың өзін де, халықаралық қауымдастықты да елді тұрақтандыруға, оның аумағында бейбіт, бөлінбейтін және есірткі мен қылмыстан азат мемлекет құруға жақындатпады" деп айтты.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев "Егер Кабулдағы жаңа билік жағдайды қалыпқа келтіре алмаса, ал халықаралық қауымдастық ауған халқына тиімді қолдау көрсете алмаса, онда оқиғалар басқаша өрбіп, оның ішінде азаматтық соғыстың жаңа кезеңі, халықтың кедейленіп, аштыққа ұшырауы да қатар асқынуы мүмкін" деп ескертті.

Мұның бәрі ТМД елдеріне және жалпы әлемге теріс әсер етеді.

Ресей уәдесінде тұрмаған тәлібтерге қатты ашуланды. Сондай-ақ Ауғанстанның Орталық Азиядағы көршілерінің шыдамы да таусылары анық. Мұндай кезде нәтиже керек. Ауғанстанның ондаған халқын аздаған моноэтникалық үкіметтің күшімен басқару оңай міндет емес, уақыт тәлібтерге қарсы жұмыс істеп тұр. Осындайда АҚШ пен НАТО сияқты сыртқы ойыншылардың жаңа геосаяси тәжірибелері мен авантюраларына жол бермеу маңызды болып отыр.

Қауіпсіздік спектрі

Әскери тұрғыдан алғанда Орталық Азия елдері мен Ресей оңтүстік шекараларды нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр – Қарулы күштердің жауынгерлік интеграциясын арттырып, бірлескен әрекеттер жасап жатыр. Сондай-ақ екінші жартыжылдықта Ресей Тәжікстан және Өзбекстанға қару-жарақ жеткізуді жандандырды.

Бұл сол аймақтың қауіпсіздігінің жалғыз кепілі болып отыр және келешекте де солай болады. Ауғанстан аумағында террористік топтардың қауіп-қатері бар, тәлібтер провинциялар мен ел астанасы аумағында террорлық шабуылдардың нысанасына айналған. Орталық Азия елдері оңтүстіктен "жихадшылардың" басып кіруінен сақтандырылмаған.

Ауғанстан аумағында ДАИШ* террористік тобының дамып келе жатқанына қатысты 18 қарашада БҰҰ алаңдаушылықпен қарады: тамызда 13 шабуыл, қыркүйекте – 38, қазанда 48 шабуыл. Елдегі қиын экономикалық жағдай ДАИШ қатарының өсуіне ықпал етеді – оларға ақша төлейді.

Талибан үкіметі енді Кабулдағы Хаккани жақтастары (қозғалыстың радикалды қанаты) мен Барадар (қалыпты бағыт) арасындағы қыркүйектің басында болған атыстың нәтижесі болмайды (17 адам қайтыс болып, 40-тан астам адам жарақат алды). Алайда үкімет негізінен Пәкістанның ықпалына түскен "пуштун" үкіметі саналады, ол Ауғанстандағы 80-ге жуық халықтың экономикалық мүддесі мен діни қалауына назар аудармайды.

Кабулдағы теракт, Багландағы қақтығыс: биліктегі тәлібтер* қауқарсыз ба

Ресей, Қытай, Пәкістан және Орталық Азия елдерінің қатысуымен түрлі алаңдарда тәлібтердің ықпалды өкілдерімен келіссөздер осы үкіметтің құрамы мен тиімділігіне елеусіз әсер етеді.

Экономика және әйелдер құқығы – "эмираттың" шешілмеген екі мәселесі.

Біріншісі әлі күнге дейін апиын көкнәрінің плантацияларына сүйенеді. Ауғанстанда апиын өндірісінің көлемі 2021 жылы 8%-ке өсіп, 6,8 мың тоннаға жетті. Тұрақсыздық апиын бағасының өсуіне ықпал етеді және бұл "фермерлерді" "өндіріс" көлемін арттыруға итермелейді.

Екінші жағынан, ислам республикасының АҚШ-тағы ескі үкіметінің шоттары бұғатталған, жаңа инвестициялық қаражат жоқ. Көршілер елдегі маңызды экономикалық (энергетика және көлік) жобаларды іске асыруға асықпайды, мұнда ешкім оларды іске асыруға және қызметкерлердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Сырттан келетін гуманитарлық көмек Ауғанстанның 40 миллион тұрғынының әл-ауқаты үшін жеткіліксіз.

Тұрақсыз "эмират"

Талибан елдегі тәртіпті қалпына келтіруге тырысады және 18 қарашада Кабулдың солтүстігінде ДАИШ террористік тобына қарсы операция өткізді – үш содырды жойды. Алайда жаңа билік "бәсекелестердің" қарулы қарсылығына тап болды – бір күн бұрын елордада "Ислам мемлекеті" ұйымдастырған екі жарылыс болды.

13 қарашадан бастап бір апта ішінде "жихадшылар" ел астанасында жарылыс ұйымдастырды, көптеген адам қаза болды. Елдің барлық провинциясында шабуылдар жалғасып жатыр. Қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру үшін тәлібтерге күш пен құзыреттілік жетіспейді, олар ДАИШ тобының операциялық кеңістігін кеңейтуді тоқтата алмайды.

Ауғанстанның тұрақты және қауіпсіз болуы жақын арада байқалмайды. Foreign Policy басылымы көптеген орта деңгейдегі тәлібтерге "саяси кеңсе" ұнамай, наразылық білдірушілер ДАИШ қатарына ауыса бастағанын атап өтті. Партизандық рейдтер есірткі контрабандасының кірістерімен бірге мемлекетті басқарудан гөрі қарапайым міндет екені анық.

Тәжікстан мен Ауғанстан әскери күштерін шекараға тарта бастады

Осыған орай Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің Ил-76 әскери-көлік ұшағы 18 қарашада Кабулға ондаған тонна гуманитарлық көмек жеткізіп, Ауғанстаннан 380 адамды – Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Украина азаматтарын эвакуациялады.

Орталық Азия өңіріндегі және тұтастай алғанда Оңтүстік стратегиялық бағыттағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ресей 11 елдің – Ресей, Ауғанстан, Қытай, Пәкістан, Иран, Үндістан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның күш-жігерін біріктіретін Мәскеу консультацияларының форматын белсенді пайдалануға ниетті.

* Қазақстанда, Ресей Федерациясында және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасына жазылыңыз

Жаңалықтар
0