Кабулдағы теракт, Багландағы қақтығыс: биліктегі тәлібтер* қауқарсыз ба

© AP Photo / Abdullah SahilЛюди выносят из мечети тела жертв и пострадавших от взрыва
Люди выносят из мечети тела жертв и пострадавших от взрыва  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Шетелдік әскер Кабулдан эвакуацияланғаннан кейін және жергілікті үкімет жеңіліс тапқан соң Ауғанстанның ірі қалаларында террористік актілер жалғасып жатыр

Елдің солтүстігінде тәлібтер саяси қарсыластарымен күресуде, экономика құлдырап жатыр, уақытша үкімет түрлі келіссөз алаңдарында жоғары сыртқы саяси белсенділік танытқанымен, 40 миллион көпұлтты өз халқының мүддесін айқындамай отыр.

20 қазанда ауған астанасында таңертең кезекті жарылыс болды. Бұл жолы жарылыс адам көп жүретін Дехмзанг жол қиылысында тіркелді. Теракт салдарынан көз жұмғандардың нақты саны әзірше белгісіз. Middle East Press агенттігі қарулы адамдар жол қиылысындағы полиция учаскесіне шабуыл жасағанын, бір полицей қаза тауып, бірі жараланғанын жазды. Шабуыл жасағандар ізін суытып үлгерген. Ешбір топ бұл қылмысты мойнына алмады. Әйтсе де оның сипаты ДАИШ*-тың алдыңғы терактеріне ұқсайды.

Люди в разрушенной взрывом мечети в провинции Кундуз  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Әлем
Ауғанстан мешітінде болған жарылыстың видеосы жарияланды
Талибан* мүшесі саналатын Ауғанстанның қауіпсіздік қызметі қызметкерлері "деструктивті күштер ахуалды тұрақсыздандырып, жаңа үкіметті елдегі және астанадағы жағдайды бақылауға қауқарсыз етіп көрсетуді мақсат тұтып отыр" деген мәлімдеме жасады.

Тәлібтер Ауғанстандағы ДАИШ* әрекетін шетелдік арнайы қызмет бақылап отыр деп санайды. Қалай болғанда да тәлібтердің елді басқару және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қарағанда "деструктивті күштердің" ахуалды тұрақсыздандыру әрекеті сәтті шығып жатқан сыңайлы.

Осы жағдайға байланысты 20 қазанда Мәскеуде Ауғанстан бойынша кездесу өтіп, оған РФ сыртқы істер министрі, Пәкістан арнайы өкілі және тәлібтер делегациясы қатысты. Елдегі жағдай мен гуманитарлық дағдарысты тежеу бойынша халықаралық іс-шаралар талқыланды.

Ресейлік СІМ басшысы Сергей Лавров ауғандар үшін ең қауіпті ДАИШ* пен "Әл-Каида"* екенін айтты. Бір күн бұрын РФ-ның Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов тәлібтерді мойындауға әлі ерте екенін мәлімдеді.

Әйтсе де жақын уақытта Мәскеу Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтеді. Бұл АҚШ Қаржы министрлігінің Ауғанстан мемлекеттік резервіндегі бұғатты алып тастаудан бас тартуына қарама-қайшы әрекет болмақ.

Ауған жерінен Пентагон мен НАТО әскері кеткеннен кейін Ауғанстанға Ирак пен Сириядағы соғысқа қатысқан ДАИШ* террористері ағылды. Бұл соғыстың жаңа тармағының басталуына себепші болды.

15 қазанда содырлар Кандагардағы шейіттер мешітіне шабуыл жасап, 130-дан астам адам зардап шекті. Бұл теракт әскери операция ретінде ұйымдастырылған: автомат қаруын қолданумен басталып, жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуімен аяқталды. Осы шабуыл үшін жауапкершілікті ДАИШ* өз мойнына алды. Ол Ауғанстанда тәлібтердің негізгі қарсыласы болып отыр.

Шетелдік әскер ауған жерінен кетіп, үкімет жеңіліс тапқаннан кейін жергілікті БАҚ елде 17 теракт болғанын және оның басым бөлігін ДАИШ* ұйымдастырғанын хабарлады. Ел астанасы, Нангархар, Парван, Кунар, Кундуздағы жарылыстардан 600-ге жуық адам зардап шекті.

Токаев посетил биофармацевтический завод Otarbiopharm - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Денсаулық
Президент QazVac жайлы: Ауғанстан және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз
8 қазанда Ханабад уезіндегі мешіттегі жарылыс 120 адамның өмірін қиып, 160 адам жараланды. Терактілердің тәлібтерге қарсы сипаты айқын байқалады. Мысалы, 3 қазанда Кабулдағы Игдах мешітінде жарылыс болды. Дәл осы кезде мұнда ықпалды тәліб Забихулла Муджахидтің анасын ақтық сапарға аттандыру шарасы өтіп жатқан болатын.

Солтүстіктегі Баглан провинциясында ұлты тәжік кіші Ахмад Масудтың жетекшілігімен Ұлттық қарсылық майданының жасақтары тәлібтермен қиян-кескі ұрыс жүргізіп жатыр. Пули-Хисар мен Дих-Салах уездерінің аумағында тәлібтер 60 адамынан айырылып, кері шегінді.

Ахмад Масуд Ауғанстанда отандастарын "Талибан"* террористік тобына қарсы көтеріліске шығуға үндеп жүр. Ол қарсылық майданы Панджшер алқабын азат етуді көздейтінін ашық айтты.

Біраз бұрын Масуд сарбаздары "Гиндукуштегі партизандық әрекеттер Пәкістанға "Талибанға"* тікелей көмек көрсетуге кедергі болып отырғанын" мәлімдеді. Сондықтан тәлібтердің Панджшер провинциясын толығымен өз бақылауына алғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтын секілді.

Күн сайын Ауғанстанның 600 азаматы тәжік-ауған шекарасынан өтуге әрекет жасайды және Тәжікстанда олардың жалпы саны 15 мыңнан асады. Ауғанстандағы заңсыз босқындар Польша шекарасына да жетіп қалды.

"Эмиратта" азық-түлік пен басқа да бірінші қажеттілік тауарының бағасы қымбаттап жатыр. Халықаралық валюта қоры 2021 жылы ауған экономикасы 30%-ке құлдырайтыны туралы болжам жасады. Әйтсе де Дүниежүзілік банк пен АҚШ Қаржы министрлігі секілді тәлітбердің ресурқа қолжетімділігін шектеді. Сондықтан тәлібтердің есірткі тасымалы мен америкалық әскерден қалған қару-жарақ пен техниканы сатып күнелтуден басқа амалы жоқ.

Шекара пункті, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Өңірлер
Ауғанстан азаматтарына шекараны кесіп өтуге көмектескен қазақстандық ұсталды
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров тәлібтермен Мәскеуде гуманитарлық мәселені талқылап жатқанда, қорғаныс министрі Сергей Шойгу Тәжікстан мен Өзбекстан территориясында ауған шекарасына жақын маңда өтіп жатқан маневрлерге бас-көз болып отыр.

Ауғанстанда 20-ға жуық террористік топ бар. Олардың кейбірі Орталық Азия елдеріне экспансия жасауға дайын. Мысалы, экстремистік "Хаккани желісі" "Талибан"* құрамына кірсе де, "Әл-Каидамен"* тығыз байланысын үзген жоқ.

Тәлібтердің тәжік бөлімшесі "Джамаат Ансаруллах" Тәжікстанға басып кіруге дайын екенін мәлімдеуде. Біраз бұрын Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдері арнайы қызмет басшыларымен кездесу барысында Ауғанстанның солтүстігінде екі мыңға жуық ДАИШ* содыры бар екенін мәлімдеп, бірлескен күш-қуат арқылы Ауғанстан шекарасында террористерді тежеуге шақырды.

Іргелес жатқан елдердің мұндай реакциясы түсінікті. Тәжікстандағы Харб-Майдон мен Момирак полигондарында ҰҚШҰ алты мемлекетінің әскері Ауғанстаннан содырлар төнген жағдайдағы жедел әрекеттерді пысықтап жатыр. "Эшелон", "Іздеу" арнайы оқу-жаттығулары мен ҰҚШҰ-ның "Өзара әрекеттестік" бірлескен маневрлеріне ресейлік Орталық әскери округ әскерінің қолбасшысы Александр Лапин жетекшілік етуде.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстаннан 4000 әскери қызметші, сондай-ақ 500-ден астам әскери техника тартылды. Тәжікстандағы оқу-жаттығулар кезінде қарсыласты анықтау мен көзін жоюдың жаңа технологиялары пысықталып, мобильді радиолокациялық желілер, барлау-соққы жасау дрондары, қашықтан әрекет ететін снайперлік винтовкалар, радиоэлектронды күрес жүйелерін қолданылып жатыр.

*Талибан, Әл-Каида, ДАИШ – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік топтар

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы

Жаңалықтар
0