Саясат

Тоқаев Швейцарияға не үшін барды

© Photo : Facebook/Берик УалиПрезидент Казахстана прилетел в Швейцарию
Президент Казахстана прилетел в Швейцарию - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропа бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0