Саясат

Тоқаев: Тәуелсіздікке нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеу қажет

© Sputnik / Тимур БатыршинПриспущенный государственный флаг Казахстана в день национального траура
Приспущенный государственный флаг Казахстана в день национального траура - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Даулы мәселелер туындаса, ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз, деп мәлімдеді президент

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықаралық даулардан үнемі аулақ болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір геосаяси текетірес белең алып жатыр. Қазақстан ешкіммен жауласпайды, халықаралық дауларға килікпейді. Біздің таңдаған жолымыз айқын. Прагматизмге негізделген салмақты әрі салиқалы саясаттан еш айнымаймыз. Біз екіжақты және көпжақты міндеттемелерден бас тартпаймыз. Даулы мәселелер туындаса, ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз", - деді Тоқаев сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Президент тәуелсіздік пен егемендікке, ел шекарасы мен аумақтық тұтастыққа нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеу қажет екенін атап өтті. Өйткені бұл қасиетті құндылықтар Қазақстан үшін бәрінен қымбат.

Тоқаев Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауға шақырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0