Саясат

Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барды

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Бельгия корольдігіне ресми сапармен барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия корольдігіне ресми сапармен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Қазақстан президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп,  Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.  

"Бүгін Қазақстан президенті Бельгия королі Филиппен жүздесіп, премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0