Оқиға

Алматыда қайыршыны автобус қағып өлтірді

© Sputnik / СтрингерАвтобус насмерть сбил мужчину на перекрестке улиц Жумабаева и Жансугурова
Автобус насмерть сбил мужчину на перекрестке улиц Жумабаева и Жансугурова - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жазылу
Аты-жөні әлі анықталмаған ер адамды доңғалақтың астынан құтқарушылар шығарды  

АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Қайғылы оқиға Жұмабаев және Жансүгіров көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

33-бағыттағы автобус ер адамды қағып кетті. Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргінші күтпеген жерден жолға шығып кеткен.

© Sputnik / СтрингерЖұмабаев және Жансүгіров көшелерінің қиылысында ер адамды автобус қағып өлтірді
Алматыда қайыршыны автобус қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жұмабаев және Жансүгіров көшелерінің қиылысында ер адамды автобус қағып өлтірді

Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, ер адамды басып кеткен. 

Марқұмның денесін құтқару қызметінің мамандары автобустың артқы доңғалағының астынан шығарды.

Зардап шегуші дәрігерлер келгенше көз жұмды. Оның қалтасында ешқандай құжат болмаған.

Куәгерлер марқұмның қайыр сұрап күн көргенін және бұл қиылысқа күнде келіп жүргенін айтты.

Полицейлер марқұмның аты-жөнін, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0