Оқиға

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар – фото

© Sputnik / СтрингерКрупное дорожно-транспортное происшествие с участием автобуса
Крупное дорожно-транспортное происшествие с участием автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Жазылу
Алматының орталығында болған ірі жол апатынан алты адам ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым - Sputnik. Алматы полициясы алты адам жарақат алған жол-көлік оқиғасының себептерін анықтауда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Автобустың қатысуымен болған жол апатында бірден алты адам түрлі жарақат алды.

© Sputnik / СтрингерЖол апатында бірден алты адам түрлі жарақат алды
Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Жол апатында бірден алты адам түрлі жарақат алды

Жол-көлік оқиғасы 13 маусым күні таңертең, Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуына қарағанда Kia K5 автокөлігінің жүргізушісі Абай даңғылының бойымен келе жатып, Розыбакиев көшесіне жетпей жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алайда тоқтамай, қозғалысын жалғастырған.  

© Sputnik / СтрингерАвтобус ішінде он шақты жолаушы болған
Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Автобус ішінде он шақты жолаушы болған

Ол Розыбакиев көшесімен қиылыста тыйым салынған бағдаршамға назар аудармай, жылдамдықпен 77-ші маршруттағы автобусқа соқтығысады. Автобус ішінде он шақты жолаушы болған.

Күшті соққыдан автобус қарсы жолақтағы бордюрге шығып кетіп, ағашқа соғылған. Содан кейін арықтан ұшып өтіп, екінші ағашқа да соқтығысқан. Осылайша автобус тротуарға бір-ақ тоқтады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға бірден алты адам түсті. Жаяу жүргінші, жеңіл көлік пен автобустың жүргізушілері, сондай-ақ үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың қаншалықты ауыр жарақат алғаны медициналық мекемедегі дәрігерлердің тексеруінен кейін белгілі болады.

Екі көліктің жүргізушілері де медициналық тексерістен өтуі керек, оның нәтижесі бойынша ер адамдардың  апат кезіндегі жағдайы анықталады.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында скутер мен көлік соқтығысты: 11 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0