Оқиға

Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып кетті

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған 73 жастағы әйел рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда автобус зейнеткерді басып кетті. 73 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін сағат 11:25-те болған.

"Уәлиханов көшесімен Сейфуллинге қарай келе жатқан 32 жастағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кетті. Ол рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтуге тырысқан", – дейді полицейлер.

73 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде куәгерлерден жауап алынып жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

"Көлік жүргізушілері де барынша сақ болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолдан тек рұқсат етілген жерден ғана өтуі тиіс", – делінген полиция ескертпесінде.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 72 жастағы көлік жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті

Жаңалықтар
0