НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Алматы қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ауа райының бұзылуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.
"Алматыда қар аралас жауын жауып, кешкі және түнгі уақытта ауа температурасы 8-10 градусқа дейін төмендейді. Тұман түсіп, ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты көктайғақ болуы ықтимал", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД көлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетіп, автомобиль арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және жылдам маневр жасамауға шақырады.
Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпағаны абзал.
Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілерге бірқатар ұсыныс берді:
- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
- әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
- есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.
Оқи отырыңыз:
13 бірдей өңірде дабылды ескерту жарияланды
Петропавлда көктайғақтан автокөлік самосвал астына кіріп кетті, жүргізуші көз жұмды