Оқиға

Көліктер өртеніп кетті: Алматы облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

© SputnikСгоревшее авто. Архивное фото
Сгоревшее авто. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Жол апатынан ауыр жарақат алған бес жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН, 3 қараша – Sputnik. Алматы облысында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. Жантүршігерлік жол апаты Шонжы ауылының маңында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Ұйғыр ауданындағы Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тас жолының 3-ші шақырымында сәрсенбі күні күндіз болған.

"Audi және Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысып, отқа оранды. Екі көліктің жүргізушісі, Nissan көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үшеуі Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды, кейінірек олардың екеуі көз жұмды. 5 жасар қыз жан сақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының төртінші бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0