18:57 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2517 0 0

Төтенше жағдайлар министрлігі алыс жолға шықпауға кеңес беріп отыр. Толассыз жауған қар мен көктайғақ салдарынан жаппай жол апаты болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты елдің 13 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Орталықта толассыз қар жауса, батыс пен шығысқа күн жылынып, көктайғақ болды.

Дабылды ескерту

Нұр-Сұлтанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Екі күн бойы қар тоқтамай жауып тұр.

Синоптиктер Шымкентте де жел 23 м/с-ке дейін күшейетінін ескертті.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ және жел болады. Өңірдің шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде - көктайғақ. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз қар, жаңбыр жауып, бұрқасын жүреді. Жол көктайғақ, облыстың солтүстігі мен батысында жел жылдамдығы - 15-20, екпіні - 25 м/с.

25-26 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жауған жаңбыр қарға ұласады. 26-27 қарашада облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында желдің екпіні секундына 15-20 м/с шамасында. 

Синоптиктер Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде тұман болатынын болжады. Өңір шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында - тұман, көктайғақ.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігі, солтүстік-шығысында - көктайғақ, тұман. Батыста жел күшейеді, екпіні -  15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігі мен шығысында - шаңды дауыл. Таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 23-28 м/с-ке жетеді.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады
Астана қалың қардың астында қалды – видео
Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары үшін сабақ болмайды
Елорда әуежайы қалың қарға байланысты уақытша жабылды
Шенеунік астанадағы қалың қар жайлы: жұмысқа әдеттегіден ұзағырақ жеттім
Кілт сөздер:
өңірлер, дабылды ескерту, ауа райы болжамы
Загрузка...

Басты тақырып