Қоғам

Жамбыл облысында баласын сатқан жезөкше ұсталды

© AFP 2024 / VALERY HACHEРаботница коммерческого секса, архивное фото
Работница коммерческого секса, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында баласын сатқан келіншек ұтсалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының полицейлері рейд кезінде  22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның 2018 жылы бала туып, оны басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз бергені анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады.

КТК арнасының мәліметінше, 22 жастағы келіншек сәбиін босана сала, құрбысының танысына еш ойланбастан өткізіп жіберген. Тірі тауарға айналған бүлдіршін қазір үш жаста.

Бұл құпия үш жылдан кейін кездейсоқ анықталған. 22 жастағы келіншек жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен тіркеуге алынады. Полицейлер оның құжатын тексере келе сәбиі болғанын және оны бөтен отбасына бергенін әшкерлеген. Ал өзі оны бағып-қағуға шамам боламады деп түсіндірген.

Сөйтіп некесіз перзентін сәби сүюге зар болған ерлі-зайыптыға өткізіпті. Асырап алушы отбасының отбасы баланы өз аттарына жаздырып, туу туралы куәлігік жасатып алған көрінеді.

Қазір істің мән-жайы мұқият тексерілуде. Бүлдіршіннің тірі тауарға айналғаны расталса, қос тарап та жазасыз қалмайды. Ал үш жастағы қыз әзірге өгей ата-анасының үйінде. 

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында баласын 1 млн теңгеге сатқан әйел ұсталды

Түркістандық келіншек өз ұлын 7 миллионға сатқысы келген – баланың туыстары табылмады

Жаңалықтар
0