Өңірлер

Ақмола облысында баласын 1 млн теңгеге сатқан әйел ұсталды

© Photo : pixabay.comНожка младенца, иллюстративное фото
Ножка младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Егер оның кінәсі дәлелденсе, сәбидің анасы тоғыз жылға дейін сотталуы мүмкін. Тергеу органдарының шақыруына келу түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Ақмола облысында бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыға жаңа туған қызын бір миллион теңгеге сатып жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция қызметкерлері бала саудасы фактісін 23 шілдеде анықтаған. Заңсыз әрекет туралы жедел ақпарат облыстық криминалды полиция басқармасына келіп түскен соң, ведомство қызметкерлері бір жарым айлық шақалақты бауырына басқан сәбисіз жұпты анықтады.

Бұл келісім Ақмола облысының аумағында ерлі-зайыпты мен сәбидің анасы арасында жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін ол әйел ұрлық пен алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ол жаңа туған сәбиді бір миллион теңгеге (2,3 мың доллар) сатып жіберген.

Сондай-ақ криминалды полиция жаңа туғаннан үш жасқа дейінгі балаларға арналған өңірдегі мекемелердің біріндегі қызметкердің аталған қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 2-бөлігі ("Адам саудасы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлікті тәркілеу арқылы жеті жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу органдарының шақыруына келу түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Жаңалықтар
0