Өңірлер

Ақтөбе облысында өзеннен екі зейнеткердің мәйіті табылды

© REUTERS / Maxim ShemetovДуванный Яр и река Колыма в Якутии
Дуванный Яр и река Колыма в Якутии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
Жазылу
Туыстарынан жауап алу кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында Темір өзенінен екі зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Олар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан алып шықты.

Туыстарынан жауап алу кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды.

Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің де мәйітін тауып шығарды.

Оқи отырыңыз: 

Қалыңдығы байқап қалған: мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті

Шығыс Қазақстанда өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды – фото

Иттер талап тастаған: Батыс Қазақстанда бөлшектелген мәйіт табылды

Жаңалықтар
0