Өңірлер

Иттер талап тастаған: Батыс Қазақстанда бөлшектелген мәйіт табылды

© Sputnik / Табылды Кадырбековадамның қолы
адамның қолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Полиция департаменті бұл мүрде жоғалып кеткен оралдық Дина Станькоға тиесілі болуы мүмкін дейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында орманнан әйел адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Полиция департаменті бұл мүрде жоғалып кеткен оралдық Дина Станькоға тиесілі болуы мүмкін дейді. Бірақ марқұмның туыстары бұған сене алар емес.

Орманда жатып қалған жансыз денені бұралқы иттер талап жеп, мүшелерін шашып тастаған.

Полицияның дерегінше, стоматологтар марқұмды емдеген тісінен жазбай таныған. Сонымен қатар әшекей бұйымдары да өзімен бірге болған дейді.

"Жоғалған азаматшаны іздестіру кезінде оның Желаев кенті жаққа кеткені анықталды. Бір айдан кейін осы ауылдың тұрғыны орманнан саңырауқұлақ теріп жүріп, белгісіз әйелдің бас сүйегі мен мүрде қалдықтарын тауып алған", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова.

Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама жасалды. Оның қорытындысына сай марқұмның неден өлгені анықталады. Станьконың тісін емдеген стоматологтар да, табылған мүрдедегі тістер соныкі екенін растады.

Айта кетелік, Орал қаласының 58 жастағы тұрғыны Дина Станько тамыздың 24-інде із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Марқұмның артында жалғыз қызы қалды.

Туысы Мария Хен, полицияның пайымына күдікпен қарайды.

"Біз адамның бас сүйегін ғана көрдік. Сол сүйекке қарап, мынау менің әпкем деп айту оңай емес. Оны тірі деп үміттеніп жүрген бізге бұл өте ауыр тиді. Нақты көз жеткізу үшін ДНК сараптама жасатып жатырмыз. Ал адамның тісі бір-біріне ұқсай беруі мүмкін ғой. Бірақ мойнындағы алтын алқасының бір үзігі табылды. Дегенмен оны біреу алысқа ұрлап әкетіп, әлі тірі жүрген шығар деген үміттеміз. Әпкемді мұндай аянышты жағдайда өлді деуге қимаймын, - дейді ол.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0