17:23 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3626 0 0

Тергеу органы оның 1,5 ай бұрын жоғалған қызылордалық азаматтың мәйіті болуы мүмкін деген болжам жасады

ҚЫЗЫЛОРДА, 23 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында белгісіз адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 1,5 ай бұрын жоғалған С.Бегімбайдың мәйіті болуы мүмкін.

С.Бегімбай 12 қыркүйек күні өзінің жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына жолға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Белбеумен буындырған: Шығыс Қазақстанда 13 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

С.Бегімбайды табу үшін кешенді жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топ, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары, еріктілер жұмылдырылған болатын.

Оны іздестіру барысында арнайы техника мен тікұшақ қолданылған. Іздеу шараларының нәтижесінде 19 қазанда "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128-шақырымынан С.Бегімбайдың жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақты зат ретінде алынған.

Алматы облысында мәйіті айдаладан табылған малшы бассыз жерленді

Ал 22 қазан сағат 13:25 шамасында "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды. 

"Қазіргі уақытта оқиға болған жерде жедел тергеу тобы және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Сот-сараптамасы мәйіттің кім екенін анықтайды", – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша

Шығыс Қазақстанда пәтерден 3 мәйіт табылды: қылмыстың мән-жайы
Қарағандыда пәтерден бөлшектелген мәйіт табылды
Түн ішінде мәйіт жерлемек болған: Алматы облысында ауыл зиратқа айналып барады
Алматы полициясы мылжа-мылжасы шыққан ондаған мәйіт туралы видеоға түсініктеме берді
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, мәйіт
Загрузка...

Басты тақырып